Айтхожина Марфуға

«Ел – ана сені ешқашан ұмытпайды»

Жамылып қара бұлтын қасіреттің,

Үзілді ортамыздан қасиетті үн.

Ғұмырын соншалықты қысқа ғылып,

Адалдық, адамдығын басым еттің.

 

Қиятын жан емес ең кісі өлімге,

Сені ойлап аза – қайғым күшеюде.

Тағдыр – ай, арманына жеткізбедің,

Қырық тоғыз, алып кеттің мүшелінде.

 

Тербеген құштар жүрек, сонар – таңы,

Үзілді ширатылған ән арқауы.

Ұшырған Ақиығын шыңдарынан,

Алтайдың сөнді бүгін жанартауы.

 

Жан едің, жұрт жаудырған шын алғысын

Жан едің, шында өскен шынар – мүсін.

Шырылдап қалды артында қос балапан,

Қапыда кеткен қайран, қыран құсым!…

 

Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ең,

Айырылды қазақ сендей түлегінен.

Өзіңді қастерлеген туған елдің,

Жатарсын, орын алып жүрегінен.

 

Жататын араласып үміт – қайғы,

Қапыда

Тағдыр жолы тұйықтайды…

Оралхан деген аттың орны бөлек,

Ел – Ана!

Сені ешқашан ұмытпайды.

 

Нар тұлға

Асқақ та едің, Мұзтаудай едің Ор аға

Зымырап уақыт, орының енді тола ма?

Шығысың сені іздейді, қайда шоқ жұлдыз

Бағына біткен, оқырман мына қауымға.

 

Қаламың сенің толы еді небір сыр-мұңға,

Өзіңдік таңбаң бар еді сара жолыңда.

Әр кейіпкердің тұңғиығына үңілдің

Кішіге-ақыл, үлкенге-қуат, қазына.

 

Әкеңді ойлап, «Қайдасың, қасқа құлында»

Жылаттың бізді, қайғырды бірге халқың да.

Адалдық пенен намыстың дәнін ектің сен

Мойынсынбадың, қасқайып тұрдың тағдырға.

 

Мақсатқа жеттің, Шығысты теңеп сұлуға

Мақтан тұтады ұл-қызың сені Өр аға!

Туған өлкеңді бүкіл әлемге таныттың

Туар ма енді өзіңдей сірә Нар тұлға!!!