Дәстүрлі Оралхан оқуы

Көркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы қалалық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

2018 жылдың 21-қыркүйегінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Орталық қалалық  кітапхана Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өткізеді.

 

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

Байқаудың негізгі мақсаты – тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талапты, талантты жастарға қолдау көрсету және Оралхан Бөкейдің шығармашылық мұрасын халыққа жеткізу.

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

– Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады;

– Кәсіби өнер саласының мамандары байқауға жіберілмейді;

– Оқылатын шығармалардың ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы қажет;

– Үнтаспаларды (фонограмма) пайдалануға тыйым салынады;

– Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;

– Үміткер оқитын шығармаларды жатқа білуі шарт.

ҚАТЫСУШЫЛАР 3 ТАПСЫРМА ОРЫНДАУЛАРЫ ҚАЖЕТ:

  1. Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
  2. Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларынан үзінді оқу;
  3. Белігі ақындардың Астана қаласының 20 жылдығына арналған бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу.

 

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ НАЗАР АУДАРУҒА ТИІС:

– көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

– дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;

– мәтінді таңдау талғамына;

– сахнада өзін-өзі ұстауына;

– сахналық образына.

 

ТАПСЫРЫСТАРДЫ   ҚАБЫЛДАУ:

Алдын ала тапсырыстар қабылдау 2018 жылдың 31 мамырына дейін barshin@mail.ru  поштасында қабылданады.

Бұрынғы «Оралхан Бөкей оқулары» байқауының жеңімпаздары биыл өтетін байқауға қатыстырылмайды. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетуі қажет.

Тапсырыстарды қабылдау төмендегі мекен-жайда жүргізіледі: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Орталық қалалық кітапхана

     25-03-64.

ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 2018 жылдың 28-қыркүйегінде өтетін облыстық байқауға қатысады.