Оралханның ой салар он сөзі

Адамның қолы қанат емес, ұшуға арналмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыдан сақтан, жарығым. Бардың қадірін білу үшін жоғалту керек, тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен. Махаббат – зор саналықтың, білгір- ілімділіктің, асқан ақыл – ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір

Оралхан туралы қаламгерлер пікірі

  Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдың асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді. Қасым Қайсенов   ***   Бөкеевтік

Оралхан бөкейдің күнделігінен

Менде нағыз дос жоқ, әріптестер мен достар, жолдастар ғана барын кейін білдім. Сол секілді менде ішек – қарны араласқан, жалғыздығым мен жанымды түсінетін туыс жоғын да кеш сездім. Менде өзімнен басқа ештеңе жоқ, тіпті творчествома да ешқашан қанағаттанған емеспін. Бұл – түңілу емес, өмірге, өз-өзіңе үңілу.   *** Менің ұлтым

Оралхан Бөкейдің “Атау кере” романынан 10 үздік дәйексөз

– Пенде дегенің не нәрсеге қолы жетпесе, соған құштар келмей ме?!   *** –  Араның адамнан айырмашылығы болсайшы… Жиған байлығың да бал секілді. Күндердің күні малтығып өлесің.   *** – Айырмасы көп, апа… Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі… біздікі өзіміз үшін ғана.   *** – Адамның қателігі кемшілік жіберуінде

Оралханның орамды ойлары

  Қызық, қалада миллиондаған халқы бар қалада тұрған кезіңде туған жерің, тіпті өз үйің – өлең төсегің, үйелменің, аты-жөн, ата тегің барын ұмытасың. Оны қойшы, аспанда ай мен күн барын сезбейсің.   ***   Тағы бір қызығы, қала адамдары бір-бірімен тығыз тұрған сайын аралары суып, бөтенси бермек. Меніңше, бәрімізді «шаһар»