Алматы қаласындағы ескерткіш-тақта

1994 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Оралхан Бөкеев тұрған Алматы қаласы Жамбыл көшесіндегі 165-үйге ескерткіш-тақта орнатылды.
Осы орайда өткізілген жиынды Жазушылар одағы басқармасынын бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев ашып, Қазақстан Реслубликасы Президентінің көмекшісі Төлен Әбдіков, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Райымбек Сейітметов, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Ахат Жақсыбаев, «Жалын» баспасының бас редакторы Қуанышбай Құрманғалиев сөз сөйледі.
Ескерткіш-тақтаның ашылу салтанатына Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбаев қатысты.

 

Үлкен Нарын ауылындағы ескерткіш-тақта

Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылындағы Оралхан Бөкей 1964-1967 жылдар аралығында қызмет істеген аудандық «Еңбек туы» газетінің бұрынғы редакция үйіне ескерткіш-тақта орнатылған.