Оралхан қандай бала болған?

«...Оралхан бала кезінен өжет, бірбеткей болды. Шалт мінезді болатын. Ашулануы да тез, қайтуы да тез. Бір сөзбен айтқанда, найзағай секілді болды мінезі...
Бір оқиға есіме түсіп отыр. Бала кезімізде бір топ бала ауылдың іргесіндегі қабақтың астына мойыл теруге бардық. Бір кезде әлгі қалың мойылдың ішінен қарабауырдың шыға келмесі бар ма… Шыға келіп қарсы шапқанда балалардың бәрі зәре құты кетіп, тым-тырақай қашты. Оның өжеттігі сондай жалғыз өзі қалып, қалың мойылдың ішіне кіріп кетіп, қолына сойыл алып әлгі мақұлыққа қарсы жүгірді.
(Бала кездегі жолдасы  Нұрлан Әкімбаевтың айтқандарынан)

Қасым, А. Біз ойын қуып жүргенде ол кітап оқып отыратын немесе Оралхан Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз? [Мәтін] / А. Қасым // Дидар. - 2012. - 17 ақпан. - Б. 20-21.

Ол кішкентайынан маңғаз жүретін, алғыр, зерек бала болды. Мұғалімдердің айтқанын қағып алатын. Кітапты шұқшиып оқымай-ақ осындай дәрежеге жетті. Ізденіп, көп оқыса қандай болатынын білмеймін...


(Сыныптасы Нұрсара Бақыжанқызының естелігінен)

Кітапқұмар еді
«Оралхан кітапты көп оқитын. Әсіресе, ертедегі қиссаларды. Алпамыстан бастап, бертінгі І.Жансүгіров,С.Сейфуллинге дейін. Бәрін оқыды. Ол кезде бүгінгідей емес кітап қат еді ғой. Ауылда кішігірім кітапхана болды. Оралхан сондағы кітаптың бәрін оқыды-ау деймін. Талғамай оқитын. Талғайтын мүмкіншілік болмады ғой ол кезде. Біз далаға шығып ойын қуып жүрген кезде ол кітап оқып отыратын.»

(Бала кездегі жолдасы  Нұрлан Әкімбаевтың айтқандарынан)

Қасым, А. Біз ойын қуып жүргенде ол кітап оқып отыратын немесе Оралхан Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз? [Мәтін] / А. Қасым // Дидар. - 2012. - 17 ақпан. - Б. 20-21.


...Оралханмен бірге оқығандар оның әдебиетке құштарлығын ерекшелеп айтады. Төрт қыздың арасында бұла өскен ерке ұл ертелі-кеш кітап бетін парақтап отыратын деседі.
«Кім болам?» деген тақырыпта шығарма жазғанда қалған балалар екі беттен аса алмай кібіртіктеп қалғанда төрт беттің ар жақ, бер жағын түгел толтырып айды аспанға бір-ақ шығарған Ораш бүкіл мектепке бір жұма әңгіме болып еді» - деп еске алады ескі көздер.
                                                                             (Бейімбет Болаев).

 

Қиқар дейтінбіз

«Кличка» деген нәрсе бәрімізде болды ғой... Оралханды Қиқар дейтінбіз. Ол өзі ұнатпаған, жақтырмаған адамымен дұрыс сөйлеспейтін. Теріс жауап беріп, кекетіп сөйлейтін әдеті бартын. Содан балалар «осы ылғи қиқарланып тұрады» деп Қиқар атап кеткенбіз.»
(Бала кездегі жолдасы  Нұрлан Әкімбаевтың айтқандарынан)

Қасым, А. Біз ойын қуып жүргенде ол кітап оқып отыратын немесе Оралхан Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз? [Мәтін] / А. Қасым // Дидар. - 2012. - 17 ақпан. - Б. 20-21.

Бұқтырмада еркін жүзетін

«Тағы бір ерекшелігі суда керемет жүзетін. Бұқтырманың арғы бетінен бергі бетіне емін-еркін өтіп жүре беретін.»
 (Бала кездегі жолдасы  Нұрлан Әкімбаевтың айтқандарынан)
Қасым, А. Біз ойын қуып жүргенде ол кітап оқып отыратын немесе Оралхан Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз? [Мәтін] / А. Қасым // Дидар. - 2012. - 17 ақпан. - Б. 20-21.

Бұқтырма өзенінің бер жағында Грешке деген орыстың шалы тұрды, Маруся деген жалғыз қызы болды. Оралхан екеуінің жастары шамалас. Бір жағы көрші тұрды. Сонда Бұқтырма буырқанып, ағаштың басына шығып тасып жатқанда Оралхан әлгі орыстың қызы екеуі мұздай судан аралға өтіп шығып, сол жерден мойылдың гүлін алып келетін.
(Бала кездегі жолдасы Аманжан Нұқсариннің айтқандарынан)
Қасым, А. Біз ойын қуып жүргенде ол кітап оқып отыратын немесе Оралхан Бөкейдің балалық шағы туралы не білеміз? [Мәтін] / А. Қасым // Дидар. - 2012. - 17 ақпан. - Б. 20-21.