Нұрбекқызы Сәуле

Оралхандай ұл туған мейірбан Шығыс

Арналады өзіңе, аға, тырнақ алды өлеңім,

Туған жерді дарыныңмен қуанышқа бөледің!

Шығармаңды қолыма алып оқысам-ақ, жан аға,

Таңғы шықтай мөлдіреген көңіліңді көремін,

Өр Алтайдың едің, аға, мақтан етер шоқтығы,

Есіміңді естімеген ешбір адам жоқ бүгін.

Халқымызда «ат тұяғын тай басады» десе де,

Сезіледі бізге, аға, дүниеде жоқтығың.

Мен де өзіңдей кейбір кезде ұйықтағым келмейді,

Тап өзіңдей қаламым да, шабытым да жүрмейді.

Шеберлік пен ұлылығың осы ма деп ойлаймын

Дер кезінде көре білдің көлеңке мен күнгейді.

 

Өр Алтайдың ақиығы, алғыр бүркіт қыраны,

Қазағымның аяқталмай қалған мәңгі жыр-әні,

Кеткеніңе сене алмай, «келер» деген үмітпен,

«Кербұғы» да аңыраумен, күтуменен жүр әлі.

«Оралхан!» деп ән салады

Шыңғыстайда шағылдар,

Тап өзіңдей мұңын айтып, кімге енді шағынар

«Оралхан!» деп сыбырлайды

Бұқтырмада толқындар,

Бұйра басын кімге иеді өзің көрген қайыңдар.

Шыңғыстайда кесіліп ед, аға, алғаш тұсауың,

Ақын емен, өзің жайлы айту қиын сөз тауып.

Басын имей, өр кеудесін көкке қарай көтеріп,

Сағынып тұр ұлын, аға, туған жерің, Мұзтауың.