О.Бөкей шығармаларындағы ырымдар мен тиымдар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: Оралхан Бөкей шығармаларындағы ырымдар мен тыйымдар

БАҒЫТЫ: Қазақстан ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат

 

СЕКЦИЯ: Әдебиет

Орындаған: Жақиярова Әйгерім,  7 «а» сынып оқушысы

Жетекшісі: Адилбекова Жанар Советханқызы, ғылым магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ғылыми жетекшісі: Бітібаева Қ.О.

 

 

Өскемен, 2011


МАЗМҰНЫ

 

І. КІРІСПЕ

АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ МЕН ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

1.1 Ауыз әдебиетіндегі ырымдар мен тыйымдардың зерттелу деңгейі

1.2 Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ырымдар мен тыйымдардың зерттелу деңгейі

ІІ. ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЫРЫМДАР МЕН ТЫЙЫМДАР

2.1 Оралхан Бөкейдің ырымдар мен тыйымдар үлгісі кездесетін шығармаларының мазмұндық-мағыналық маңызы

2.2 Жазушының ырым-тыйымдарды шығармаларында қолдану шеберлігі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес тараушадан, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша деректерден тұрады.

Кілт сөздер тізбегі. Тәрбиелік дәстүрлер, тәрбие құралы, авторлық идея, жазушы шеберлігі, жазушылық мақсат, ұлттық мінез, авторлық ұстаным, көркемдік ізденіс.

Зерттеудің өзектілігі. Жұмыстың өзектілігі – қазіргі қазақ әдебиетінде ең өміршең жанр – ырым-тыйымдардың қолданылуы, арқалаған жүгі, атқаратын қызметі деген мәселемен ұштасады. Туған халқының өткені мен бүгінгісін жетік білетін, қазақ менталитеті бойында тұнып тұрған, ауыз әдебиетінің түрлерін өз шығармаларында шебер қолданатын жазушылар қатарына Оралхан Бөкейді жатқызуға болады. Ырым-тыйымдар аталмыш жазушының туындыларында молынан ұшырасады. Өз қолтаңбаларында адам болмысы, қазіргі қоғам мен заман тынысы, салт пен сана, ұлттық діл туралы кеңінен толғанады. Көркем әдебиетте ырым-тыйымдардың кеше де, бүгін де дабыл қақтыруы – уақыт талабынан туған қажеттілік. Көтерген тақырып – ырым-тыйымдар болғанымен, Оралхан Бөкейдің  халық жүріп өткен жолды, әдет-салтты, тәлім-тәрбиені суреттеулеріндегі өзіндік шеберліктерін, өмір сүріп отырған дәуірінің талғамын, ұстанымын, идеясын, қаламгерлік қарымын тану.

Қазіргі ұлттық әдебиетіміздің алдында тұрған ең басты мәселе – халықтың ауыз әдебиетінен бастау алып, халықтың жолына нұр, бойына құт әкелетін ырым-тыйымдар шебер қолданылған Оралхан Бөкей шығармаларынан көбірек ғибрат алып, кеше қазақ елі қандай еді, бүгін қандай, болашақта қандай болуға тиісті деген сұраққа жауап беру. Жазушының қазақтың ырым-тыйымдары кездесетін шығармалар жүйесін айқындап, шығармада көрініс табуын саралап, талдау, пікір айту арқылы ол шығармаларға лайықты бағасын беруге талпыныс жасадық.


Жұмыстың зерттеу нысаны. Оралхан Бөкей шығармалары жұмыстың негізгі деректері болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Ұлтымыздың шынайы өмірінен сүзіп алынған Оралхан Бөкей прозасындағы ырым-тыйымдардың шебер қолданылуына талдау жасауға ұмтылу  – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып отыр. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер қойылды:

  • Ауыз әдебиеті мен қазіргі қазақ әдебиетіндегі ырым-тыйымдардың

зерттелу деңгейіне шолу жасау, зерттеуге қатысты көзқарастарды жүйелеу;

  • Оралхан Бөкей шығармаларында ырым-тыйымдар үлгісі кездесетін

шығармаларының мазмұндық-мағыналық маңызын анықтап, ырым-тыйымдарды қолдану шеберлігін саралау, шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін екшеп, талдау жасау;

  • Ырым-тыйымдарды қолданудағы ерекшеліктерін ашу арқылы қазақ

әдебиетіне қосқан үлесін салмақтау, қаламгердің  көркемдік ізденісіне, авторлық ұстанымдарына баға беру негізгі міндет болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық әдебиеттану ғылымында ырым-тыйымдардың табиғатына сипаттама беріп, көркемдік қасиеттерін кеңінен талдап қарастырған, авторлық ұстаным мен көркемдік ізденіс сипаттарына үңілген еңбектер аз. Аталмыш тақырып аясында Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына», А.Байтұрсыновтың «Ақ жол», М.Әуезов және Н.Ахметбеков еңбектерінде ырым-тыйымдардың алғаш топталуы, өзіндік сипаттары туралы ашып көрсетеді. Сондықтан бүгінгі күні әдебиеттану ғылымында көркем шығармаларда ырым-тыйымдардың зерттелуін қарастыру мақсатында аталмыш еңбектердің маңызы зор. Зерттеу еңбегімізде О.Бөкей шығармалары негізінде қазақ әдебиеттану ғылымында кеңінен зерттеле қоймаған көркем шығармаларда жазушының ырым-тыйымдарды қолдануы, маңызы, қаламгер ұстанымы, жазушылық шеберлігі мен көркемдік амал-тәсілдері саралануы жайлы ой қорытылады.

Зерттеудің әдістері. Жүйелі талдау қағидалары назарда ұсталып, жинақтау, сараптау әдістері негізге алынады. Негізгі зерттеу әдістері: баяндау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау, тұжырым жасау әдістері қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Ырым – тыйымдар туралы ғалыми тұжырымдар, пікірлер жинақталды;

– қазақ әдебиетінде қалыптасқан дәстүр өз жалғастығын таба отырып, қаламгердің халықтың салт-дәстүрлерін, ырымдар мен тыйымдарын тиімді пайдаланған ұлттық болмыс ерекшелігі көрінетін көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесіндегі шығармалармен толыға түсті;

– қазіргі қазақ прозасындағы таза практикалық қызмет атқаратын ырым-тыйым жанры тақырыбының мазмұны тереңдеп, суреткерлердің көркемдік әлемі танылды;


Зерттеу жұмысының толық нұсқасын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханадан

(Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) алуға болады.