О.Бөкейдің ғажайып философиялық және суреткерлік әлемі

Ғылыми жоба

 

Жобаның тақырыбы:

«Оралхан  Бөкейдің  ғажайып  философиялық, суреткерлік әлемі.»

9 «ә» сынып оқушысы

Шабданбеков Ернұр

Жетекшілері:

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

мұғалімі- Р.Н Есенбердина.

Өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі – А.К Аубакирова.

Өскемен, 2015 ж


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Жазушы шығармашылығындағы рухани тазалық, жан сұлулығы мәселесі.

1.1. Кейіпкерлерінің ішкі жандүние тазалығы.

1.2. Жазушы шығармашылығындағы адамды ардақтау мәселесі.

ҚОРЫТЫНДЫ.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

                                                        Аңдатпа

         Таңдап алынған тақырыптың мазмұны мен мағынасының өзіндік ерекшелігі басым. Бұл зерттеудің мақсты адамдардың күнделікті тіршілікте алатын орнына тоқтала отырып, олардың қазіргі заман талабына сай құзіреттілігі жоғары, ұлттық танымдары бай болуына Оралхан шығармаларының қосар үлесі өте жоғары екенін тілге тиек ету. Жазушының шығармасы өзіндік сипаты бар, суреткерлік  шеберлігі шебер туындылардың қатарында. Сондықтан, жазушының қай шығармасын алсақ та тарихпен сабақтасып, жастарды адамгершілік қасиеттерге баулиды.

      Зерттеудің тағы бір құндылығы қазіргі заман жастарының бойында табыла бермейтін қасиеттерге олардың көздерін жеткізу мақсатында шығармадағы әр кейіпкердің ішкі жан дүниесіне үңіле отыра, үзінділерді орынымен қолдана білген. Осы мақсатты ашып көрсету үшін О.Бөкей шығармаларының мән-мағынасына тоқталып, адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, қарым-қатынастарынан деректер келтіре отырып, оқушы үлкен ізденіспен дәлелдеуге тырысқан.  Егер оқу үрдісінің әр кезендерінде балалардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту мақсатында  жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалса,  қазақ әдебиеті сабағында оқушының    белсенділігі   артып, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы қалыптасады.

Зерттеудің өзектілігі: Таңдап алынған тақырыптың мазмұны мен мағынасының өзіндік ерекшелігі басым. Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі заман талабына сай, құзіреттілігі жоғары, ұлттық танымдарын кеңейту мақсатында қолдануға болатыны және Оралхан шығармаларына жан-жақты талдау жүргізілуімен маңызды.

Зерттеу мақсаты: Оралхан Бөкей  шығармаларындағы рухани тазалық, жан

сұлулығы, кейіпкерлерінің ішкі жан дүние тазалығы, адамды ардақтау мәселесі.

Зерттеу міндеттері : Бөкей шығармаларының өзіндік ұлттық бояуын ашу.

Кейіпкерлердің     ішкі  әлеміне, жан  дүниесіне    үңілу. Адам  жанының

терең  психологиялық  ізденістері, адамды  ардақтау  мәселелеріне тоқталу.

Жазушының  романтизмі, философиялық ой- арман қиялдары  шебер

 суреттелген  адам  жанының  құпияларына  жан-жақты  талдау  жасау.

Зерттеу  болжамы: Егер оқу үрдісінің әр кезендерінде балалардың әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру арқылы,  ғылыми-педагогикалық, жан-жақты тұлғалық-бағдарлық негізде талдау жасалса,  қазақ әдебиеті сабағында оқушының    белсенділігі   артуы   негізінде   білім   деңгейі көтеріліп, дербестігі мен шығармашылығы, ізденімпаздығы қалыптасады.


І.Кіріспе

  Адам  санасының  табиғатпен  екі арадағы «қос  жарылуын» қазақ  сөз өнеріне  алып  келуімен  қатар, адам  жанының  терең  иірімдерін, рухани  тазалығын  шебер суреттейтін О. Бөкей шығармашылығы қазіргі  таңдағы  өзекті мәселенің  бірі болып отыр. Зерттеудің  негізгі  мақсаты – О. Бөкейдің  адам  жанын  түсінудегі суреткерлік  шеберлігін  анықтау  және  өзіндік  даралық  қолтаңбасын  айқындай түсу. Жазушының  шығармалары  зерттеудің  негізгі  нысаны болып табылады. Жұмыстың  ғылыми  жаңашылдығы  мынадай  сипатта  болмақ:  Оралхан  Бөкейдің шығармашылығындағы адам  жанының  терең  психологиялық  ізденістері, адамды  ардақтау  мәселелері  әлі де  түбегейлі  зерттелмеген. Ал, жазушының  романтизмі, шығармаларындағы  мифологиялық  сарындар   зерттелген  тақырыптар.  Сол  себепті  бұл  жұмыста  қаламгердің  шығармашылығындағы  аса шебер  суреттелген  адам  жанының  құпияларына  жан-жақты  талдау  жасалады.  Зерттеу  жұмысының  өн бойында  қаламгердің  өзіндік  қолтаңбасын  айқындай түсу  үшін түрлі  ғылыми  еңбектер  мен  сын-пікірлерді  тиімді  пайдалану   қажет болды.

         Академик З.Қабдоловқа  айтқызсақ, «…талантқа  керегі  екі нәрсе, ол: біріншіден,- еңбек, екіншіден,- батылдық». Оралханда осы  екеуі  де  бар.  Оның  бойына  ол  қалай  сіңді, немен  келді, қалай  қонып  өзіндік  өнер  соқпағын, өрісін  тапты – бұл  әдебиеттану ғылымы, оқырман  үшін  ең өзекжарды, қат  мәселе, В.Ключевский: «Петрді   ұлы  жасауға, оны  бұрын-соңды  болмаған,  һәм  ғаламат  етіп  көрсетуге ұмтылады. Мұның орнына оның өзін көрсету керек, ол өзі танытсын ұлылығын», – деп  аталы сөз қозғапты.   Әлбетте, Бөкейдің Оралханынан халықтың Оралхан Бөкейі  мәртебесіне жеткен биіктің аралығын жіті шолып шықпай, таудың сай-саласын, қойны-қонышын қалдырмай көзбен сүзіп, көңілге түймесең талантқа таң қалмас едің. Жиырма жасында қолына қалам алған Оралхан, ширек ғасырға толмайтын уақыт арасында «Қамшыгер»(1970), «Үркер»(1971), «Қайдасың қасқа құлыным»,(1973),  «Мұзтау»(1976), «Ән салады шағылдар»(1978), «Үркер ауып барады»(1981), «Біздің жақта қыс ұзақ»(1986),  «Өз отыңды өшірме»(1983), «Атау кере» және басы басталып, аяқталмаған «Алданған  ұрпақ» романдарын жазып, прозаның іргелі жанрында  да қабілетін сынап бақты.


Зерттеу жұмысының толық нұсқасын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханадан

(Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) алуға болады.