Оралхан Бөкей кейіпкерлерінің бүгінгі тыныс тіршілігі

Қазақстан Республикасының Білім және  Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

 

 

ТАҚЫРЫБЫ:

 ОРАЛХАН БӨКЕЙ КЕЙІПКЕРЛЕРІНІҢ БҮГІНГІ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ.

(Оралхан Бөкей шығармаларына арқау болған ауылдастарының бүгіні)

                                              

 

ОРЫНДАҒАН: Тұрсынғожа Айдана

                                                     Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің

                                                      1 курс студенті

ЖЕТЕКШІ: Әкімбаева Жанар Нұрланқызы –

                                           Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің

                                                     қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы

 

 

 

Өскемен қаласы, 2015 ж


Мазмұны:

  1. Кіріспе……………………………………………………………………………………………4
  2. Негізгі бөлім: Оралхан Бөкей кейіпкерлерінің бүгінгі тынысы (эссе – естелік)……………………………………………………………………………………………..5
  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………17

Аңдатпа

«Оралхан Бөкей кейіпкерлерінің бүгінгі тынысы» атты ғылыми жобада Оралхан Бөкей ауылында болған бір күннің жемісі суреттелген. Оралхан Бөкейдің көзін көрген жора-жолдастары, ауылдастарының естеліктері жинақталды. Жоба эссе  түрінде берілген. Шығармашылықпен жазылған бұл эсседе оқырман қауымға нақты деректер ұсынылады. Оралхан Бөкейдің жан досы Әкімбаев Нұрланның материалдары, естеліктері пайдаланылды. Жазушының шығармаларына арқау болған кейіпкерлерінің бүгінгі тағдыры оқырманды қызықтырары анық.

Ғылыми жоба материалдары  2014 -2015 жылдары жинақталды

                                                           Кіріспе

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Оралхан Бөкей өзіндік жазушылық қырымен баршаға мәлім қаламгер. Әдебиетке 1960-жылдардың соңын ала келген суреткер өз ерекшелігімен оқырман ілтипатына бөленді. Оралхан Бөкей қарапайым еңбек адамын шығармаларына арқау етіп, ауыл өмірінің шынайы суретін жасады. Бүгінде жазушының өміршең шығармалары жас ұрпақ тәрбиесіне мол ықпалын тигізуде. Оралхан Бөкей шығармаларының жетістігі – ауыл тынысын, өмірде өз еңбегімен құрметке бөленген жандардың бет – бейнесін көрсетуінде.


Оралхан Бөкей жайында естелік, деректер көптеп жазылуда. Жазушының 70 жылдық мерейтойында республикалық басылымдар, аудандық газеттер бірқатар тың материалдар жариялады. Дегенмен, жазушы шығармаларындағы кейіпкерлердің қазіргі өмірдегі болмысы жайлы деректер аз. Олардың бүгінгі тағдыры оқырман қауымды  қызықтырары сөзсіз.  Жазушы шығармаларының әлі де ашылмаған құпия сырларын қалың оқырманға ұсыну қажеттілігінен тақырыптың өзектілігі туындайды.

Ғылыми жобаның мақсаты:

Оралхан Бөкей шығармаларына арқау болған кейіпкерлерінің прототиптерін анықтау. Жазушы шығармасында сөз болған ауылдастарының бүгінгі тынысын, тағдырын оқырманға жеткізу. Оралхан Бөкей шығармаларымен жете танысып, шығармаларындағы шынайылықты, шеберлікті оқырманмен бөлісу.

Ғылыми жобаның міндеттері:

Ғылыми жобаның мақсатына жету үшін төмендегі міндеттер іске асырылды:

  1. Жерлес жазушының шығармаларын толық оқу;
  2. Оралхан Бөкей ауылына сапар шегіп, бірге өскен достарымен,

ауылдастарымен кездесу;

  1. Оралхан Бөкей шығармаларына арқау болған кейіпкерлермен

сұхбаттасу;

  1. Жерлес жазушы туралы естелік кітаптар оқу.

Оралхан Бөкей кейіпкерлерінің бүгінгі тынысы…

… Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ жерлес жазушы О.Бөкей кітаптарын оқып, қаламгер туындыларына деген сүйіспеншілігім арта түсті. Бәлкім, Катон-Қарағайдың тумасы болғандықтан болар, бір жағы мақтаныш сезімі, екіншіден өзімнің де көркем шығармаға құлшынысымның әсері шығар…

     Жазушының «Бәрі де майдан», «Ұйқым келмейді», «Біздің жақта қыс ұзақ» атты керемет туындыларын қайта-қайта оқыдым. Адам жанын баурап әкететін құпия бір сыр бар екені байқалады. Бұл сырды О.Бөкей шығармаларын оқыған адам ғана сезінер. Мен де сол оқырмандардың қатарынын өз орнымды таптым…


Зерттеу жұмысының толық нұсқасын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханадан

(Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) алуға болады.