Оралхан Бөкей – парасатты журналист

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы,  Өскемен қаласы әкімдігінің

«№16 орта   мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

Орындағандар:  Мөлдір  Ғабпасова, Әсем  Мошанова

         9-«М» сыныбының оқушылары

Жетекшісі: С. Қ. Журсунов

                                                                  Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

 

Жас  зерттеушілер  жұмыстары  мен  шығармашылық  жобаларының  «Мен  өлкемді  зерттеймін!»    V  қалалық  байқауы

Бағыты:  Оралхан  Бөкей  әлемі

Тақырыбы:   Оралхан  Бөкей – парасатты  журналист

 

 

 

Өскемен, 2015 жыл


                    Оралхан  Бөкей – парасатты  журналист

(Оралхан  Бөкейдің   облыстық  газет  тілшісі  ретіндегі  мақалаларымен  әйгілі  жазушы  болуы  арасындағы  рухани  байланыс).

    Мазмұны

Кіріспе

Жұмыстың  жалпы сипаттамасы

Негізгі  бөлім

1.Оралхан  Бөкейдің  негізгі  қызметі – журналист.

1.1.Тақырыптың  теориялық  мәселелері.

(«журналист», «публицистика», «жазушы»  терминдері  туралы ұғым)

2.Оралхан Бөкей  мақалалары

2.1..Көпшілікті  жұмылдыру  үшін  жазылған  шығармалар

2.2.Жеке  адамдар  жөніндегі  шығармалары

2.3.Өзекті мәселе қозғаған  мақалалары

3.Парасатты  журналистен –әйгілі  жазушыға

3.1..«Парасат» термині  жөнінде

3.2.Мақалаларында парасатпен  айтылған  шындықтың жазушылықпен ұштасуы

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

Оралхан  Бөкей – парасатты  журналист

(Оралхан  Бөкейдің   облыстық  газет  тілшісі  ретіндегі  мақалаларымен  әйгілі  жазушы  болуы  арасындағы  рухани  байланыс  )


Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Тақырыптың  өзектілігі

         Ерекше дарын иесі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1986 ж.),

Бүкілодақтық  Н.Островский атындағы сыйлықтың (1978 ж.), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының (1979ж.) иегері. «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, жазушы, драматург, журналист  Оралхан Бөкей  шығармашылығы  жан-жақты, сан  салалы.   Ол  ең  алдымен  бар  қазақтың  сүйікті  жазушысы. Ал  жазушы бүкіл саналы  ғұмырын  журналист  ретінде өткізді. “Мені әдебиетке әкелген журналистика” депті бір сөзінде қазақ әдебиетінің “кербұғысы” атанған Оралхан аға. Мұны  жазушы  інілерінің  бірі  Дидахмет  Әшімханұлы: «…ол  өзінің  ең  әуелі  журналист  екенін  айтудан  да, жазудан  да  ешқашан тартынған  емес»,- деп атап  түйіндейді. Ғылыми  жоба  жұмысы  әйгілі  жазушының  журналистік  жұмыстарын  үш  топқа  бөліп,  әрқайсысының   ерекшеліктерін ажыратып   тоқталуымен маңызды.

       Тақырыптың екінші, яғни аймақтық  тұрғыдан өзектілігі – ғылыми жұмыста қазақ  журналистикасына «соны леп, тың серпін, әкелген» (Д. Әшімханұлы) Оралхан Бөкейдің  журналист ретінде  қалыптасқан Шығыс  Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», Үлкен Нарын аудандық «Еңбек туы»  газеттеріндегі  материалдармен  толықтыруы.

      Ғылыми жоба  жұмысының негізі құндылығы –жазушыны әйгілі етіп, елге танытқан  риторикалық ойларына,  журналист ретінде мақалаларында парасатпен айта білгеніне  ізденіс жасалуында.

 

Тақырыптың қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері

 

          Бар  қазақтың  сүйікті  жазушысы  Оралхан  Бөкей   Шығыс Қазақстанның  төл  перзенті. Ол  Шыңғыстайда туды, орта мектепті бітірді, еңбек жолын бастады. Бұдан кейінгі  еңбек жолы Үлкен Нарында, Өскемен қаласында жалғасты. Осы орайда оның  туыстары, сыныптастары, достары, қызметтестері  осында екендігін ойға алып, «әттегенайы» көп халық екендігімізді  ескеріп  ұйымдастырылған  байқауды  ризалықпен  қостай  отырып, біз өз тарапымыздан  «Оралхан-парасатты журналист» тақырыбын таңдап алдық. Мұнда журналист ретінде біз  жазушылығымен  астастыра  көрсету  мақсатымен  парасаттылығына аздап  болса да өзіндік  пайымдауларымызбен  ерекшеленеміз  деген  ойдамыз.

          Ғылыми жобаның тағы бір ерекшелігі- публицистикалық  шығармаларын мақсатына  қарай  топтастырып, көркем жазу  стилімен  араласа келетін очерктері мен  өзекті мәселелерді көтерген мақалаларына ғана кеңірек тоқталуымыз дер едік.


Зерттеу жұмысының толық нұсқасын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханадан

(Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) алуға болады.