Оралхан Бөкей – публицист

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты

 

Тақырыбы:  Оралхан Бөкей – публицист.

Бағыты: “Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақта

 дамытылатын саяхаттық бағыттар”

 

Секция: Әдебиет

Орындаған: 8 «а»  сынып оқушысы Ади Ұлпан.

Ғылыми жетекшісі: Жұмағұлова Г.Д.,  кітапханашы.

 

 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 8 «а» сынып оқушысы Ади Ұлпанның  «Оралхан Бөкей – публицист» атты жазылған ғылыми жобасына

Пікір

8 «а» сынып оқушысы Ади Ұлпанның ұсынып отырған жобасының тақырыбы: «Оралхан Бөкей – публицист» деп аталады. Ғылыми жобаны жазу барысында оқушы логикалық ойлау қабілетінің жоғарылығын көрсете білген.

Ғылыми жоба белгілі қаламгер Оралхан Бөкейдің журналистік шығармашылық қызметін танытуға арналған. Майталман публицистің еңбектеріне жан – жақты талдау жасалынған.

Оралхан Бөкейдің журналистік, публицистік және редакторлық қызметінің қыр – сырын ашуға, сол арқылы шығармашылық зертханасын айқындауға ден қойған.

Жобаны жазу барысында әдебиет, баспасөз материалдары көптеп пайдаланылған.

«Оралхан Бөкей – публицист» атты ғылыми жобасы алдына қойған өз мақсатын орындаған.

 Ғылыми жетекшісі.


Абстракт

1970-1990 жылдардағы қазақ журналистиканың қомақты жүгін арқалаған  дарынды қаламгерлер ортасында  Оралхан Бөкейдің аты аталуы заңды құбылыс. Оның есімі сол кезде журналист, жазушы, редактор, драматург деген ұғымдармен толыға түсті. Ол осындай даңққа дарындылығының және еңбекқорлығының арқасында жетті.

Оралхан жиырма жасында аудандық газетке қызметке тұрды. Содан ақырғы демі таусылғанша отыз жыл бойы журналист болды. Оның бұл қызметі жөнінде баспасөздерде біраз жазылды, бірнеше диплом жұмысы, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Бірақ, Оралханның журналистикадағы таланты, өзіндік ерекшеліктері, қаламгерлік қыры мен сыры бұлармен толық ашылып бітпегені ақиқат. Әзірше О.Бөкейдің шығармашылығы толықтай зерттелмеген тың сала. Соның ішінде Оралхан Бөкей публицистикасы зерттеу жұмысының өзектісі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – Алтайдың ақиығы – О. Бөкейдің журналистік әлемін және редакторлық қызметін зерттеу. Қаламгер очерктеріндегі өзіндік қолтаңбасы мен қаламгерлік шеберлігін, өзіндік болмысын дәлелдеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылды:

– Қаламгердің журналистік жолын зерттеу;

– Қаламгер публицистикасындағы көркемдік ерекшеліктері туралы ғылыми еңбектерді жинақтау;

– Қаламгердің  журналистік шығармашылық қызметін таныту.

– Қаламгер публицистикасының көркемдік ерекшелігін, ондағы өзіндік өрнегін айқындау.

Зерттеу нысаны.

Зерттеу нысанына Оралхан Бөкейдің «Өнерге өлердей – ақ ғашық едім» очерктер жинағы, Катонқарағай аудандық әкімдігі құрастырған «Біздің Оралхан» және «Оралхан» атты жинақтары, ол туралы естеліктер, ғылыми мақалалар алынып отыр.


Зерттеудің жаңашылдығы.

– Қазақ журналистикасындағы О. Бөкейдің очерктеріне талдау жасалып, қаламгердің өзіндік қолтаңбасы айқындалды.

– Қаламгердің ұлттық дәстүрді ғана емес, әлемдік үздік үлгілерді жетік меңгергендігі, өзіндік ерекшелігі айқындалды.

– Қаламгердің көркемдік әлемі, журналистік шеберлігі анықталды.

Зерттеудің дереккөздері.

Зерттеу жұмысының материалдары ретінде О.Бөкей туралы ғылыми мақалалар, естеліктер, қаламгердің сұхбаттары, ғылыми еңбектер, публицистік жинақтары негіз болды.

Зерттеудің әдістері.

Зерттеуде аннотациялық талдау, әдеби – ғылыми талдау, топтау, қорытындылау, сұрыптау, мәтінмен жұмыс, әдеби талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің құрылымы.

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..6

ІІ. Оралхан Бөкей – журналист, редактор……………………………………………………7-13

ІІІ. Оралхан Бөкей публицистикасының көркемдік ерекшелігі………………..13-24

ІV. Қорытынды…………………………………………………………………………………………….24

V.Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………………25


Зерттеу жұмысының толық нұсқасын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханадан

(Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) алуға болады.