Оралхан Бөкей шығармаларындағы мифологизм

Қазақстан Республикасының Білім және  Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

 

 

Тақырыбы: Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі

 

Жобаны  дайындаған: Әбілкәсенова Жанар

ШҚГК 2-курс студенті

Жоба жетекшісі: Бақтыбаев Ерлан Қабылқанұлы

 

 

 

Өскемен, 2015 жыл.


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АҢДАТПА

Бүгінде Қазақстанның мәдени дамуы Елбасы жолдауының басты бағыттарының бірі болып отыр.Ол мәдени мұрамызды сақтау, зерделеу және таратуды қажет етеді.Жас ұрпақтың рухани бай, мәдениетті, адамгершілігі мол, дербес ойлай білетін шығармашыл да жауапты тұлға болып қалыптасуына мәдени мұралардың тигізер әсері мол. Мәдени мұраны тарату ғылыми ізденістерден бастау алады. Күнделікті өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің  ажырамас бөлігі ретінде ақын – жазушылардың шығармашылығына  арқау  болған  өзекті тақырыптарды кеңінен зерттеуді   қажет етеді. Тіл мәдениеттің негізгі элементі болғандықтан төл тіліміздің бар байлығын, оның қыр-сырын тануда зерттеу әрекеттеріне жас ұрпақты қатыстыру тіл болашағының сара жолын айқындап берді. Тілмен бірге халықтың  тұрмыс – тіршілігі өріліп жатыр. Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер тыныс-тіршіліктің  барлық салаларындағы адам әрекетінің ұрпақтан ұрпаққа  берілетін орнықты жүйесі ретінде  қайталанбас  даралығын  сақтайды  және халықтың  жан – дүниесін  көрсетеді.  Жазушы  шығармасы – халықтың  тұрмыс тіршілігінің айнасы.

Оралхан Бөкей  шығармалары біздің мәдени мұрамыздың бірі. Қазақ әдебиетінде өзіндік сара жолы  бар шығармаларынан  туған  өлкенің  тыныс-тіршілігінің  лебі есіп  тұратын жазушының  өзіндік  қайталанбас тіл өрнегі зерттеуді  қажет  етеді. Жазушының тұлғалық бейнесін  туған өлкесімен астастыра  ашып, сын-сипатын тану зерттеу жұмысына арқау болды.

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі қазақ әдебиетіне өзіндік үнімен, табиғи талантымен танылған дарын иесі Оралхан Бөкейдің шығармашылық жолындағы ізденістері ерекше. Шығыстың  тарландарының бірі О.Бөкейді жаңа тұстан, жаңа қырдан қарауға  жетекшіммен бірге шешім қабылдадық. «Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбы біздің  ойымызша әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Себебі: О.Бөкейдің еңбектерінде біздің қоғамымыздың күнделікті тіршілігінде болып жатқан мәселелер қаралған. Оның өзі халықтың күйбең тіршілігінен алынған. Ауыздан-ауызға тараған мифтер О.Бөкей прозасында  да негізделген. Біздің ойымызша осы тақырып О.Бөкейді  жаңа  бір  қырынан көрсетеді. Бұның  ғылыми  маңыздылығы бар деп  есептейміз. Көптеген еңбектерде, зерттеулерде О.Бөкейді жан-жақтан зерттесе де осы  мәселе толығымен  ашылған жоқ деп есептейміз.Сондықтан, осы тақырыпқа  назар аударған  жөн деп ойлаймыз.


Зерттеудің мақсаты: Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік  шығармашылықтың  атқаратын  көркемдік  аясын  ашу  арқылы  қазақ  әдебиетіндегі  мифологизмнің  орнын  бағдарлау. Мифопоэтика  туралы  теориялық  зерттеу  еңбектерін  басшылыққа ала отырып,  жазушы  шығармасындағы мифологизмнің көркемдік-идеялық қолданысына назар аударту жұмыстың  басты мақсаты болып табылады.

Зерттеудің міндеті:  Мифтік  желілерді жазба әдебиетте пайдалану тамырын тереңнен тартқан бай тәсіл, әрі жан-жақты толық зерттеуді қажет ететін қызықты да тың тақырып екендігіне көз жеткізу.

  • Әдеби шығармада  қолданылған мифтік  желілердің, белгілердің, бейнелердің  туындының  көркемдік әлемін арттыруда таптырмас тәсіл екендігін дәлелдеу.
  • Нақты шығармадағы мифтік желілерді келтіру арқылы оның  көркемдік қызметін талдау.
  • Мифтік желілердің шығармалардағы танымдық қызметі мен жазушының шеберлігін, ой-толғамын көрсету, мифтерді  қолданудағы ерекшеліктерін талдау.
  • Мифтік желілердің  адам психологиясын  бейнелеудегі ерекшеліктерін нақты шығармалар арқылы талдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: О.Бөкейді зерттемеген адам жоқ.Талай еңбектер, ғылыми жобалар қорғалған. Бірақ, «Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбы бойынша  зерттеулер өте аз. Сондықтан, біз осы тұстан зерттеу жүргізуді жөн көрдік. Бұл жұмыс нәтижелерін факультеттің  арнайы курстарында, жоғарғы сыныптардағы қазақ әдебиеті пәніне көмекші құрал ретінде  пайдалануға болады. Бұл зерттеу жұмысы болашақта қазақ әдебиетіндегі  жаңа ізденістер  мен  көркемдік  шешімдер туралы  зерттеулерге ой қосар деген үміттеміз.

Зерттеудің әдістері: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Оралхан Бөкейдің   жаңғыртушылық  пен  өркендетушілік  шеберліктерін, проза  тілі жаңалықтарын зерттеуді талдау, бақылау, баяндау, түсіндіру.


Зерттеу жұмысының толық нұсқасын Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханадан

(Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) алуға болады.