Оралханның ой салар он сөзі

  1. Адамның қолы қанат емес, ұшуға арналмаған. Ұшып жүргендерді атып түсіру оңай деуші еді, қаңғыған оқ, қаңғырған аңшыдан сақтан, жарығым.
  1. Бардың қадірін білу үшін жоғалту керек, тоқтықтың қадірін білу үшін ашығу керек екен.
  1. Махаббат – зор саналықтың, білгір- ілімділіктің, асқан ақыл – ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте – бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп – өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.
  1. Қанатыңмен ұшқанда, Құйрығыңды ұмытпа.
  1. Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ.
  1. Әр таудың басын аңсаған арқар аштан өледі.
  1. Жүгірген алмайды, Бұйырған алады.
  1. Бүкіл әлемде адам баласы қаншылықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы – өзінің ОЙЫ ғана.
  1. Өмір – ешқашан шешуі табылмас жұмбақ, Ешкім шығара алмас қиын есеп.
  1. Неғұрлым керең болсаң, Соғұрлым жақсы естисің.

                                                                     “Табиғат – Өмір – Адам” эссесінен.