Приглашаем на конкурс художественного чтения имени Оралхана Бокея!

21 сентября 2018 года Отдел культуры и развития языков г. Усть-Каменогорска совместно с Центральной городской библиотекой проводит конкурс чтецов, посвященный 75-летию Оралхана Бокея.
В конкурсе могут принять участие молодые люди в возрасте от 16 до 25 лет.
Участники должны прочитать:

 

— отрывок прозаического произведения Оралхана Бокея (не более 3-4 минут);
— отрывок драматического произведения Оралхана Бокей (не более 3-4 минут);
— стихотворение, посвященное 20-летию города Астаны.
Предварительные заявки принимаются до 31 мая 2018 года по адресу: Набережная Иртыша им. Е. П. Славского, 22. Отдел краеведения Центральной городской библиотекой или на эл. адрес: barshin@mail.ru.

 

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

2018 жылдың 21-қыркүйегінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Орталық қалалық кітапхана Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өткізеді.

 

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Байқаудың негізгі мақсаты — тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талапты, талантты жастарға қолдау көрсету және Оралхан Бөкейдің шығармашылық мұрасын халыққа жеткізу.

 

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

— Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады;
— Кәсіби өнер саласының мамандары байқауға жіберілмейді;
— Оқылатын шығармалардың ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы қажет;
— Үнтаспаларды (фонограмма) пайдалануға тыйым салынады;
— Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;
— Үміткер оқитын шығармаларды жатқа білуі шарт.
ҚАТЫСУШЫЛАР 3 ТАПСЫРМА ОРЫНДАУЛАРЫ ҚАЖЕТ:
1. Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
2. Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларынан үзінді оқу;
3. Танымал ақындардың Астана қаласының 20 жылдығына арналған бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу.

 

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ НАЗАР АУДАРУҒА ТИІС:
— көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
— дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
— мәтінді таңдау талғамына;
— сахнада өзін-өзі ұстауына;
— сахналық образына.

 

ТАПСЫРЫСТАРДЫ  ҚАБЫЛДАУ:
Алдын ала тапсырыстар қабылдау 2018 жылдың 31 мамырына дейін barshin@mail.ru  поштасында қабылданады.
Бұрынғы «Оралхан Бөкей оқулары» байқауының жеңімпаздары биыл өтетін байқауға қатыстырылмайды. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетуі қажет.
Тапсырыстарды қабылдау төмендегі мекен-жайда жүргізіледі: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Орталық қалалық кітапхана
25-03-64.

ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 2018 жылдың 28-қыркүйегінде өтетін облыстық байқауға қатысады.