Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.
Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында (1926) білім алған.
1941-1956 жылдар аралығында Қазақстанда шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге, «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары, М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің рухани байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.
«Мұзтау» хикаят
Аяқ астында жентек-жентек болып ботырап жатқан вольфрамға сүрініп, етпеттей құлауың және кәдік. Ақтан бойын суық ұстап тұрғандай тоңазығандай болған соң отырып, от жағуға кірісті. Сіріңкесін тұтатып жүріп үңгірдің әр жерінде шашылып жатқан қу бұтақ, майсіңді жаңқа теріп әкелді. Саспай қимылдап, ыс басқан жалпақ тастың үстіне үйді де, от қойды. Өлімсірей жанған от бірте-бірте шалқып, сырт-сырт жанып, лаулай өршіді. Кеншілер қазған апан жап-жарық сәулеге бөленіп еді, жаңағы қою қараңғылық жықпыл-жықпылды сағалап, үрке қашып кетіскен.
...Сосын өзі үңгірдің ішінде лапылдап жанған отқа қақталып, ауыр ойға шомды. Мұндайда ой дегеннің өзі анау тау баурайында шөгіп алған тұман секілді, еңсеңді езіп, шаршатып тастайды.
Мұзтау / Человек-Олень
Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР
Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).
В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».
Повесть «Человек-Олень»
«Спотыкаясь о валявшиеся куски руды, Актан стал осторожно продвигаться по кругу, собирая щепки. Присев на корточки, он чиркнул спичкой и разжег костер. Трепетный, слабый огонек заплясал на камне, постепенно набрал силу, и пламя ярко разгорелось, далеко отбросив пещерную тьму. …Вскоре все звуки внешнего мира перестали существовать для него – он погрузился в обычные свои тягостные, неотвязные думы».