Ұзақ

Uncategorised Қаралды: 1231

Ұзақ

Қисық Ұзақтан Тезек, Оразалы, Ұласбай атты үш ұл тараған. Катонқарағайда Ұзақ ұрпағына құдай берген ырысы - Ұзақ тауы мен Райыс тұмасы бар. Ертеректе әр ру жаз жайлауы, қыс қыстауы бар бөлек-бөлек ауыл болып отырған. Ұзақ тауына жағалай орналасқан Райыс ұрпақтары да біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей жібек арқау ұзақ сонар көштің жібін жалғастырып жүріп жатты. Бәрі Ұзақ тауын жайлап, Райыс тұмасынан су ішіп, жағаласып егіз қатар келе беретін заман мен тағдырдың жақсы мен жамандығын көріп өтті. Бәрінің кіндік қаны тамып, жарық дүниеге шыр етіп келген күндерінен бастап тіршілік нәрін берген Ұзақ тауы келер ұрпағына бірлік тұтастығын өсиет етіп қалдырса керек...

Исақанқызы Күләндәнің айтқандарынан.

Мағзұмов, Тоқтар. Алтайдағы алтын ұя. Райыстан-Оралханға дейін [Мәтін] : эссе-эллегия / Т. Мағзұмов. - Өскемен : Шығыс ақпарат, 2013. – 124 б.

Басып шығару