Биография

Тәуелсіздік ұрпағына ғибрат

"Айналайын, жас достар! Мен сендерді де, мынау өмірді де сүйемін. Жалпы ізгілікті мұраттар жолында, арайлы болашақ үшін бір игі тілекте, бір мақсатта қарекет етейікші."
"Мен еліміздің ұлдары мен қыздары кеңпейілді, ақжарқын, ақылды адам болып қалыптасқанын қалаймын... олар еңбектен, ізденістен ешбір қол үзбесе екен деп тілеймін."
"Айналайын, жас достар, сіздерге тек қана алға тура тартқан жастық пен асау батылдық керек!"
"Өмірдің жастық деп аталатын абат шағын бойкүйез, күйкі тірлікпен емес, нағыз қыранша биікке ұмтылып, дауылпазша саңқылдап өткізген қандай жақсы."
"Махаббат – табиғат өзі берген құдіретті сезім. Ондағы ең үлкен сыйлық – айнымас сыйластық. Ол әркімге де тән қасиет, ал нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді."
"Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Иә, ұлттық адамгершілік... имандылық бет-бейне мен болмыс керек."
"Қасиетіңнен айналайын қайран жерім, қажырлы елім! Жылдар өтер, талай су ағып, талай жапырақ қуарар, бірақ, туған жердің үстінде тек қана қазақтың – тек қана төрт түлік баққан елімнің түтіні ту болып желбірер. Жылдар өтер, бірақ осынау әр қойнауында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ел дәулетін тасытып отырған қазақтың бейбіт өмір, момақан тіршілігін ешбір жау бұза алмас. Жер мен Елдің маңдайы жарқырап, бағы ашылар деп тілеймін!"

Ақын-жазушылардың Оралхан туралы естелік-әңгімелері

Ерман, Ж. Оралхан Бөкей және опасыз жалған [Мәтін] / Ж. Ерман // Шығармалар жинағы. Т. 3. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2018. - Б. 81-91.

Исабеков, Д.  Ол не жазса да оқушы бей-жай қалмайтын [Мәтін] / Д. Исабеков // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 3 қазан. - Б.5.

Құрманғалиев,Қ. Жасын ғұмыр жазушы [Мәтін] : [Оралханды еске алу] / Қ. Құрманғалиев // Жас алаш. - 1993. - 28 қыркүйек.

Мұртаза, Ш. Оралхан Бөкей еске түскендегі елес пен ойлар [Мәтін] / Ш. Мұртаза // Егемен Қазақстан. - 1998. - 22 мамыр.

Мұртаза, Ш. Оралхан [Мәтін] : [естелік-әңгіме] / Ш. Мұртаза // Егемен Қазақстан. - 1998. - 22 мамыр.

Қанатты сөздері

«Ақылшым –туған жер, ұстазым - тәкаппар да қатал Алтай!»
Қасиетіңнен айналайын, қайран жерім, қажырлы елім! Жылдар өтер, бірақ осынау әр қойнауында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ел дәулетін тасытып отырған халқымды бейбіт өмірінен айыра көрме! 
Қасиетіңнен айналайын Жерім менің, қадіріңнен айналайын, Елім менің, жаманыңды жасыра, жақсыңды асыра шырқаған – әнім менің! 
«Жер мен ел! Жырлап та, шырқап та айта бергің келетін, айтқан сайын жаңа қуат, жаңа соны серпінмен жаңғыратын мәңгі өшпес ғұмырнама».
Тек қана алға, алға ғана тура тартқан, жастық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қың етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба?!
Бақыт дегеніміз әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзімізбен шығарып салу. Өзгенің бәрі өзіңді алдау үшін тапқан қитұрқылар.
Біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын өмір сүру жеңілдеп, сауық-сайран көбейген сайын санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын құлқынымызға құм түскендей қатал да, қайырымсыз, ешкімге де, ешнәрсеге де сенбейтін сезімсіз "сергектік" жайлағандай еді.
Мәңгілікке ұласатын ұлылық – жалған дүниені майша шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті, ілініп-салынып алжығанша жасауда емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу, яғни өз өміріңді оқыс әрі әдемі аяқтату.
Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады.
Біз қатігезденіп барамыз, біз имансызданып барамыз, біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз. Біз бабамыздың батасын ұмыттық, біз тарихымызды таспен бастырып, бір күні қыз-қызды қызыққа мастанып тасыраңдадық, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып құрдым дәуреннің әләулайын шырқап жүрміз
Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Иә, әруаққа адалдық, өткенге иман болмайынша тірілерге салауат жоқ. Тіпті біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, имандық бет-бейнесі мен болмысын, келбеті лайықтылығын анықтай алмай жүрміз.

Қанатыңмен ұшқанда,

Құйрығыңды ұмытпа.

Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ,

Ешкім шығара алмас қиын есеп.

Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ойы ғана.
Тек қана алға, алға ғана тура тартқан, жастық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қың етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба?!
Махаббат - тәбиғат өзі берген құдіретті сезім. ондағы ең үлкен сыйлық - айнымас сыйластық. ол әркімге де тән қасиет, ал нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді...
Бақыт дегеніміз әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзімізбен шығарып салу. өзгенің бәрі өзіңді алдау үшін тапқан қитұрқылар...
Біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын, өмір сүру жеңілдеп, сауық-сайран көбейген сайын, санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын құлқынымызға құм түскендей қатал да, қайырымсыз, ешкімге де, ешнәрсеге де сенбейтін сезімсіз "Сергектік" жайлағандай еді...

Дер кезінде өле білуден үлкен өнердің жоқ екені сол, ондай жаңғырып қайта туар, қайта жасар иманды талантты сізге жазбаған, сіз бар болғаны жер бетімен қи домалатқан қоңыз пенде ғанасыз, қандай аянышты мүскіндік...

Мықты болсаң қайталама менің өмірімді, бөрінің артынан бөлтірік ақылдылығынан еріп жүрген жоқ

Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады

Біз қатігезденіп барамыз, біз имансызданып барамыз, біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз. Біз бабамыздың батасын ұмыттық, біз тарихымызды таспен бастырып, бір күні қыз-қызды қызыққа мастанып тасыраңдадық, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып құрдым дәуреннің әләулайын шырқап жүрміз... Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Йә, әруаққа адалдық, өткенге иман болмайынша тірілерге салауат жоқ. Тіпті біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, имандық бет-бейнесі мен болмысын, келбеті лайықтылығын анықтай алмай жүрміз...
Әр таудың басын аңсаған арқар аштан өледі.
Махаббат – зор саналылықтың, білгір – білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі   белгісіз Дара ұғым.

 О. Бөкейдің «бүркеншік» атымен жариялаған мақалалары

 1. Исақанов [Бөкеев], О. Өзі сүйген өнерге ұлын баулуда [Мәтін] / О. Исақанов // Еңбек туы. - 1960. - 14 июль.

2. Орал-Ахметхан [Бөкеев, О.]  Жемшөп бар, мал арық... [Мәтін] / О. Бөкеев // Еңбек туы. - 1965. - 21 январь.

3. Орал-Ахметхан [Бөкеев, О]. Шумақтар  [Мәтін] / О. Бөкеев // Еңбек туы. - 1965. - 23  январь.

4. Орал-Ахметхан [Бөкеев, О.]  Жаңалық  келеді [Мәтін] / О. Бөкеев // Еңбек туы. - 1965. - 25 февраль.

5. Абдул-Хамитов, О. [Бөкеев, О.]  Жұлдыздар сөнбейді:  Ауылда абзал адам бар [Мәтін] / О. Бөкеев // Еңбек туы. - 1967. - 22 август.

6. Абдул-Хамитов, О. [Бөкеев, О.]  Он «тұңғышқа» он ауыз сөзден [Мәтін] / О. Бөкеев // Еңбек туы. - 1967. - 7 сентябрь.

 

 

КІТАПТАР   ҚҰЖАТТАР    ЕСТЕЛІКТЕР