Оралхан оқулары: тарихы және жүлдегерлер

«Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің
I-ші республикалық байқауы»

Ең алғашқы Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің  I-ші республикалық байқауы 1998 жылы Астана қаласында өтті!
1998 жылы Мәдениет министрі Алтынбек Сәрсенбаев Тіл мерекесі аясында Оралхан Бөкей оқуларын өткізуді ұсынды. Сол кезде Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізу туралы ойымды айтып, Ережесін, мақсаты мен тәртібін дайындадым. Ең алғашқы байқауды 1998 жылы Астана қаласында өткіздік. 
Байқау қорытындысы бойынша  Бас жүлдені Темірбек Жүргенов академиясының  2-ші курс студенті, қазіргі күні  М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, дубляж ісінің маманы, әнші, тележүргізуші, «Мәдениет саласының үздігі» Күнсұлу Шаяхметова жеңіп алды.
Бірінші орынды Ғабит Мүсірепов театрының сол кездегі жас актрисасы, қазір   Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған театрдың актрисасы,  Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Райхан Қалиолдина иеленген еді».  

Ұлықбек Есдәулетов, ақын

Image
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізу игі дәстүрге айналған.
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы
О. Бөкейдің туғанына 70 жыл толуына арналып оқылған өлеңдер
Оралхан ескерткіші жанында оқылған өлеңдер
Оралхан Бөкеев атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауы
Таразда Оралхан Бөкей оқулары өтті
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтті. 28 сент. 2016 г.
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы. 10 окт. 2014 г.
Оралхан Бөкей. Жылымық
Оралхан Бөкей оқулары.Сұлтанмахмұт Торайғыров "Алаш ұраны"
Оралхан Бөкейдің көркемсөз оқулары. Мойынқұм ауданы
«Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» байқауы