Оралхан атындағы көшелер

Uncategorised Қаралды: 2966

- 2025 жылғы 4 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №301 бірлескен қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №26/214-VIII шешімі — «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен және Риддер қалаларының кейбір құрамдас бөліктерін атау туралы» құжатына сәйкес, Өскемен қаласындағы Утепов көшесі Оралхан Бөкей көшесі болып қайта аталды.

 

- 1993 жылы 8 желтоқсанда Катонқарағай ауданы Үшбұлақ ауылындағы № 3 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атау берілді.

 

- 1994 жылы Өскемен қаласындағы Металлург кентіндегі бір көшеге О.Бөкейдің есімі берілген.

 

- Алматы қаласы әкімінің 03.11.1997 № 655 қаулысына сәйкес Алматы қаласындағы бір көшеге қоғам қайраткері, қазақтың талантты жазушысы, қолтаңбасы дара суреткер, қара сөздің хас шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург, публицист Оралхан Бөкеевтің есімі берілген. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып Рысқұлов даңғылына дейін созылып жатыр. Бұрынғы атауы - Севанская көшесі. Көшенің ұзындығы - 1250 метр.

Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия [Мәтін]:

– Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0. https://kk.wikipedia.org/wiki/

 

 

Басып шығару