Кеңсай зираты

1996 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің қабіріне ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - мүсінші Әбішев Бақыт.

Толығырақ

2003 жылы 8 қазанда Шыңғыстайдағы Оралхан Бөкейдің туып – өскен үйінде жазушының  мұражай-үйі ашылды. Мұражай - үйінің алдындағы кіреберісте шығысқазақстандық мүсінші Владимир Самойлов орындаған мемориалдық ескерткіш Оралхан Бөкейдің кеуде мүсіні орын алған.

2004 жылы қазан айында Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы № 44 орта мектебінің ауласында жазушыға ескерткіш орнатылды. Мүсінші Асылханов Ермек Сабырұлы.
2013 жылы 30 тамызда Өскемен қаласында Оралхан Бөкейге ескерткіш орнатылды. Ескерткіш авторлары - белгілі өскемендік мүсіншілер Владимир Самойлов пен Евгений Непьянов.
2013 жылы Катонқарағайда Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушыға ескерткіш орнатылды. Ескерткіш авторы – Қадырхан Какимов.
«...Биылғы жылғы үздік ескерткіш ретінде белгілі мүсінші Қадырхан Какимов сомдаған Оралхан Бөкейдің Қатонқарағайға қойылған мүсінін айта алам. Алтайдың кербұғысы атанған қаламгердің жетпіс жылдығына орай қойылған бұл еңбектің ерекшелігі – автор тұлғаның нақты-ақиқи бейнесін сомдап қана қоймай, өзіндік түйсінуі мен сезінуі арқылы ерекшелей білген. Мүсінші өзінің сыр-сезімін ғана емес, өміртанымын толық жеткізуге тырысқан. Бұл жерде ең алдымен, мүсіннің басты байлығы – оның ойлы-эмоционалдық мазмұнының пайда болуы десем, әділ баға болар деп ойлаймын...»
Жанарбек Берістен, 
профессор, философия ғылымдарының кандидаты,
Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы

2021 жылы 21 қыркүйекте  Өскеменде Оралхан Бөкейдің жаңа ескерткіші бой көтерді.

Жазушының мүсіні қоладан жасалған, гранит қаптамасы бар постамент.  Жалпы биіктігі 4,8 метр. Авторлары – белгілі мүсіншілер Калиев Нурбол мен Баймуханов Мейрам.