Оралхан Бөкеев - Қамшыгер

Oralkhan Bokeev - The Man-Deer and Other Stoires

Оралхан Бөкеев - Үркер

Оралхан Бөкеев - Қайдасың қасқа құлыным

Оралхан Бөкеев - Мұзтау

Оралхан Бөкеев - Ән салды шағылдар

Oralhan Bokejev - Zrieba

Oralhan Bokejev - Hall hirv Kerbuga

Оралхан Бокеев - Следа от мълня

Оралхан Бөкеев - Чагылган

Оралхан Бөкей:

Менің шығармаларымның қай жері біреуге артық-ауыс көрінсе, дәл сол жерде мен бармын.
Image

Оралхан Бөкейдің ата тегі

Найман

Найман

Дулат Бабатайұлы бір өлеңінде «Сөзімді мені сұрасаң – сары алтынның буынан, сойымды менің сұрасаң – қалың найман нуынан» - деп, өзінің шыққан ата тегін үлкен мақтангершілікпен жырлаған еді.
Толығырақ

Найман

Ергенекті

Ергенекті

Ергенекті - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан тарайды. Ергенекті Найманды келесі үш ру құрайды. Көкжарлы, Бура, Саржомарт. Ергенекті руы Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Ұлан, Самар өңірлерін, Кереку, Семей төңірегін қоныстанған. Біраз бөлігі Таулы Алтай, Моңғолия мен Қытай қазақтары арасында кездеседі. Ұраны -Қаптағай. Таңбасы - Ергенек.

Көкжарлы

Көкжарлы

Көкжарлы. Шежіре бойынша, Көкжарлыдан екі бала: Ұлатемір, Қылыштықияқ. Көкжарлының үлкен ұлы Қылыштықияқтан - Андағұл, Жəрке. Екінші ұлы Ұлатемірден - Қаратай, Тілеуберді, Қайыпберді, Тəңірберді, Құдайсүгір.

Ертеде Көкжарлы ұрпақтары Өскемен уезінің Сібе, Тарғын, Нарын жəне Күршім болыстарын мекендеді. Олар негізінен мал өсіріп, егін салды. Өзен бойындағы кедейлер балық аулау кəсібімен айналысты.

Көкжарлы

Қаратай

Қаратай

...Ел ақсақалы Бошай Кітапбаев үш томдық «Шежіре» атты кітабында Қаратай елінің қайдан шыққанын жан - жақты таратып жазды. Ақсақалдың айтуына қарағанда, Қаратайдың азан шақырып қойған аты Кенжебай болса керек. Толығырақ.

Беске

Беске

Қаратайдың Бескесінен Дәулет, Шеруші, Болат аталары тараған.

Беске

Дәулет

Дәулет

Бескенің Дәулетінен Есқұлұлы, Досқұлы атты екі ұл туған. Есқұлыдан Бәйкісі және Бәйтен, ал Досқұлынан Құратай, Қыйсық аталары тараған. Толығырақ.

Досқұлы

Досқұлы

Дәулеттің Досқұлынан Құратай, Қыйсық аталары тараған.

Досқұлы

Қисық

Қисық

Қыйсықтан Құттықадам, Едіге, Айтқұл, Ұзақ, Көкілер тарап, «Бес Қисық» атанған. Толығырақ.

Ұзақ

Ұзақ

Қисық Ұзақтан Тезек, Оразалы, Ұласбай атты үш ұл тараған. Катонқарағайда Ұзақ ұрпағына құдай берген ырысы - Ұзақ тауы мен Райыс тұмасы бар. Толығырақ.

Ұзақ

Тезек

Тезек

Ұзақтың үлкені Тезектен Бұғас, Тоғас, Қоқан, Қорқымбай, Райыс атты бес ұл тараған екен.

Райыс

Райыс

Райыстан Көркем, Исақан, Бәтима және Дос туған. Райыс арабша оқыған, ескіше сауатты болған адам. Тұрмысы орташа шаруа болғанымен, екі баласын уақытында отау тіктірген екен. Толығырақ.

Райыс

Исақан

Исақан

Райыс үлкен ұлы Исаханға «Еңбек» Таңба ауылынан ары Өрелге жетпей тау қойнауынан бастау алып Бұқтырмаға құятын Қансу деген бұлақтың бойын қыстап   отырған, Самай  елінің атақты төбе биі Мәкиленің тікелей ұрпағы Садықтың қызы Қапизаны алып беріп, ал өзінің қызы Бәтиманы Садықтың інісі Жүніске беріп қарсы құда болған. Ол заманда қызға беретін қалың малы болмай, өмірі жар сүймей өткен азаматтар да болған ғой. Толығырақ.

1915 - 1984

Бөкей

Исаханұлы Бөкей (1915.10.11-1984.23.01) бәкене бойлы, шымыр денелі, шапшаң қимылдайтын, көп сөйлемейтін, сөйлесе сөздің түбін түсіретін жан болған, бірақ ойын-тойда «Қалқаман-Мамыр», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қиссаларын жатқа айтып, өзінің қоңыржай үнімен тыңдаушыларын  еліктіріп әкетеді екен. Толығырақ.

1915 - 1984

1943-1993

Оралхан Бөкей

Оралхан сұрапыл соғыстың отты жылдарында, 1943 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Бөкей Оралға еңбек майданына аттанғанда, Оралхан іште қалған нәресте еді. Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ниетпен, дүниеге келген нәрестеге Оралхан деген ат қойылады. Толығырақ.

Оралханның ұрпағы

Айхан мен Айжан

...Оралханның өмірде ең қатты күйзелгені - Аймен дүниеден өткені болса, қатты қуанғаны - Айхан мен Айжанның дүниеге келуі еді. Толығырақ.

Оралханның ұрпағы

Кітап сөресін таңдау

Викторина «...Сіз Оралхан Бөкейді білесіз бе?»

Оралхан есімінің қойылу тарихы

ЖАУАП

Әкесі Бөкей Оралға еңбек майданына аттанғанда, Оралхан іште қалған нәресте еді.

Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ниетпен, дүниеге келген нәрестеге Оралхан деген ат қойылады

Оралхан Бөкейдің ең алғаш жарық көрген өлеңі және ол қай газетте жарық көрген?

ЖАУАП

«Алтай» өлеңі, 1959 жылы 15 ноябрьде «Еңбек туы» газетінде жарық көрген
Оралхан алғашқы туындыларын «бүркеншік» атпен жазған, қандай бүркеншік есімдерін білесіңдер?

ЖАУАП

Орал-Ахметхан, О.Исақанов, О.Абдул-Хамитов, О.Садақбай, О.Алтай.
Ең алғашқы шыққан кітабының аты, жарық көрген уақыты

ЖАУАП

«Қамшыгер», 1970 жылы

Алматыға, «Лениншіл жас» газетіне кімнің шақыруымен келген?

ЖАУАП

1967 жылы қазан айында жазушы Ш.Мұртазаның шақыруымен

Жазушының соңғы шығармасы ?

ЖАУАП

«Атаукере» романы

Пьесалары қандай жинақ болып жарық көрген?

ЖАУАП

«Құлыным менің»

Қай әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылған?

ЖАУАП

«Кер бұғы» әңгімесі (1986, балетмейстер Б.Аюханов)
Өскемендегі Жамбыл театрында жазушының ең алғаш қай пьесасы қойылды, режиссері кім?

ЖАУАП

«Бес тиын», режиссері Р. Есдәулет

Хайуанаттар жайлы жазған әңгімелері?

ЖАУАП

«Қайдасың, қасқа құлыным», «Бура», «Кербұғы»