«...Менің кітап сөрелерімде Оралханның кітаптарының бәрінде оның қолтаңбасы бар. «Қайдасың, қасқа құлыным» кітабыңда «Аса қымбатты досым - Ахатқа ізгі тілек, шын жүректен» депті. «Мұзтау» кітабына «Барым да, нарым да осы» деп қол қойыпты. «Өз отынды өшірме» романындағы қолтаңбасы – «Қолың тисе оқып шық». «Біздің жақта қыс ұзақ» деген повестер жинағына «Ақа! Өзіме қандай жақсылық тілесем, соның барлығын саған тілеймін» деп жазыпты. Бұл сөздердің шыңдығына сенесің. Себебі Оралхан көлгірсіп, көпшік қоюды білмейтін...».

Жақсыбаев А. Жаны жайсаң жақсылар. Естеліктер, сапарлар, ой-толғамдар. – Алматы: «Білім», 2006. – 145 - 154 б.

Жан досы Нұқсарин Аманжанның қызы Еркежанға арнап жазған жазушы қолтаңбасы. 09. 05. 1986 жыл.