Исин Болат Кәрімұлы - суретші, кескіндемеші, сәндік қолданбалы өнердің шебері, КСРО Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі
Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Мақаншы ауылында 1952 жылы өмірге келген. 1978 жылы Батыс Украинаның В. Касиян атындағы Косово халықтық көркем өнер техникумын бітірген. Бірқатар жылдар бойы сәндік-қолданбалы өнер саласында жемісті еңбек етіп, көптеген көркем туындылардың авторы ретінде елге танылды.
«Жiгер» фестивалінің иегері (Алматы, 1988), Суретшілердің «Тау Түрген» шығармашылық үйінде өткен халықаралық симпозиумдардың жүлдегері (1993, 1995), «Қазақстан-2000 шығармашылық сыныбы» халықаралық өнер фестивалінің иегері (Алматы, 2000), ШҚО әкімі сыйлығының иегері.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Ардақ», «Зымырайды пойыздар», «Ән салады шағылдар», «Кербұғы», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбоз ат», «Қамшыгер», «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты шығармалары бойынша салған көркем туындылары еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтар.
«Құм мінезі» хикаят
Бархан бүгін отарын ерте өргізді.
...Ала дөңденіп мінгесіп-ұшқаса келеңсіз далаға қарай жарыса созылған құм төбелер, сол құм төбелер, сол құм төбенің қырқасына ойдым-ойдым қойнауына жармаса өскен сексеуілдер жағаласа жарысып, көзге суық тартады, көңілді жүдеткендей болады. Бархан алды артына – иә , айналасына, қарашаның салқынына бедірейе арқасын беріп, бетпақ жатқан құйқалы құмды тұңғыш рет аяғандай, жанарын тайдырмастан көпке дейін қарайды-ай.
...Сол есіліп-есіліп қалған бұйра құм, сол ербиген сексеуіл, албастыдай алба-жұлба түзген, жер тағандап өсер жыңғыл; сол аспан – бірде бұлтты, бірде ашық, бірде қар, бірде жаңбыр; сол күн – өз орынынан шығады, өз орынынан асықпай аяңдап барып батады; сол бір маңыраған қой – ол да өмір бақи да кісіней алмайды...Ән салады шағылдар / Поющие Барханы
Исин Болат Каримович (1952 г.) - художник, живописец, член СХ Казахстана
Уроженец с. Маканчи Урджарского района Семипалатинской области (ныне Восточно-Казахстанская область). В 1978 г. окончил Косовский техникум народно-художественных промыслов им. В. Касияна в Западной Украине. Активно и плодотворно работал в области декоративно-прикладного искусства. Лауреат фестиваля «Жiгер» (Алматы, 1988), лауреат международных симпозиумов художников в Доме творчества «Тау Тургень» (1993, 1995), лауреат Международного фестиваля искусств «Мастер-класс Казахстан 2000» (Алматы, 2000), лауреат премии Акима ВК области.
В композиции представлены акварельные работы к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Ардак», «Поезда проходят мимо», «Поющие барханы», «Кербугу», «Деревянное корыто моей бабушки», «Бело-сивый конь Тортая», «Камчигер», «Где ты, мой жеребенок белолобый?»
Повесть «Поющие барханы»
«Порой Бархан, выгнав отару в степь, пристально всматривался в исходящую влагой степь и думал, думал. Что может быть несправедливее природы? Одни места на земле она наделяет всеми своими богатствами: водой, лесами, горами, живностью; другие она оставляет без воды, без единого хилого деревца; одних людей она щедро осыпает и красотой, и талантом, и удачей, а другим… Другие всю жизнь ходят за овцами, мира не видят, кроме степи да загонов для скота. И все же… и все же, в каждой судьбе, в каждой жизни главная радость и смысл – быть честным, быть зрячим на справедливость и подлость, быть человеком, который уважал бы себя и пользовался уважением других людей по праву дел своих…».