Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.
Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында (1926) білім алған.
1941-1956 жылдар аралығында Қазақстанда шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге, «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары, М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің рухани байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.
«Айпара Ана» аңызнама
Айпара Ананың бүгінгі сынық жүзі көшкен елдің кәрі-жасына оңай тимеді. Алдан бір төтенше қауіп күткендей болатын. Неліктен жауар бұлттай түнеріп отырғанын біле алмай, Олжай мен Қайдостың кешігуі себебіне жорысқан. Айпара Ана әлгінде ғана көз алдынан сылаң етіп көрініс берген баян даланың бүгінгі өзгеше дидарынан тіксініп қалса керек. Дала оған біртүрлі қорқынышты болып елестеген.
Айпара ана туралы аңыз / Сказание о матери Айпаре
Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР
Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).
В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».
Повесть «Сказание о матери Айпаре»
Все в ауле, и старые и молодые, со смущением в душе смотрели сегодня на притихшую, задумчивую мать Айпару. Она как будто ждала, что впереди их постигнет еще какое-то неожиданное горе. Люди не знали, почему она сидит, темнея с каждым часом, словно туча перед грозой».