Исин Болат Кәрімұлы - суретші, кескіндемеші, сәндік қолданбалы өнердің шебері, КСРО Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі
Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Мақаншы ауылында 1952 жылы өмірге келген. 1978 жылы Батыс Украинаның В. Касиян атындағы Косово халықтық көркем өнер техникумын бітірген. Бірқатар жылдар бойы сәндік-қолданбалы өнер саласында жемісті еңбек етіп, көптеген көркем туындылардың авторы ретінде елге танылды.
«Жiгер» фестивалінің иегері (Алматы, 1988), Суретшілердің «Тау Түрген» шығармашылық үйінде өткен халықаралық симпозиумдардың жүлдегері (1993, 1995), «Қазақстан-2000 шығармашылық сыныбы» халықаралық өнер фестивалінің иегері (Алматы, 2000), ШҚО әкімі сыйлығының иегері.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Ардақ», «Зымырайды пойыздар», «Ән салады шағылдар», «Кербұғы», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбоз ат», «Қамшыгер», «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты шығармалары бойынша салған көркем туындылары еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтар.
«Қамшыгер» әңгіме
Бұдан былай тозақтың қыл көпіріндей жалғыз аяқ жол басталды. Төменінде Түйетастың құзары – Суықшат. Бұлар аттан түсіп, жетекке алды. Боранның арыны әлі де қайта қоймаған-ды. Аса бір сұңғыла сақтықпен дәлдеп баспаса, бұлт ете қаласың. Бұлт ете қалсаң, қия тастан домалап, сонада – Шарықтыбұлақтың суында жатарсың. Осы өңірдің тұрғындары Түйетастың қабырғасын жырып салған сүрлеуді «Қылкөпір» атасатын. Егер жазатайым құлап кетушілер болса, «күнәһар екен» деп жоритыны бар.
«Қамшыгер» әңгіме
Екі жағы найзадай шаншылған, тіп-тік жалтыр көк тасты құздың ортасы ашамайланып шыңырау шат боп біткен-ді. Шатқалдың дәл тереңдей жеткен табанында салба-салба самырсындар бар. Самырсындар ақ көбігі аспанға атылған Шарықтыбұлақтың екі жағалауын қуалай өскен. Әлгі аңызақ өкпек жел осы ұңғыны өзектей кеп, осынау шаттың бітер аузына кептеле шөгіп қалған қара тасқа бар пәрменімен соғылысатын. Алып қара тастың сыртқы пошымы жампозға тым ұқсас. Сондығы ма, кейін келе Түйетас атанып кетті ғой.
Исин Болат Каримович (1952 г.) - художник, живописец, член СХ Казахстана
Уроженец с. Маканчи Урджарского района Семипалатинской области (ныне Восточно-Казахстанская область). В 1978 г. окончил Косовский техникум народно-художественных промыслов им. В. Касияна в Западной Украине. Активно и плодотворно работал в области декоративно-прикладного искусства. Лауреат фестиваля «Жiгер» (Алматы, 1988), лауреат международных симпозиумов художников в Доме творчества «Тау Тургень» (1993, 1995), лауреат Международного фестиваля искусств «Мастер-класс Казахстан 2000» (Алматы, 2000), лауреат премии Акима ВК области.
В композиции представлены акварельные работы к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Ардак», «Поезда проходят мимо», «Поющие барханы», «Кербугу», «Деревянное корыто моей бабушки», «Бело-сивый конь Тортая», «Камчигер», «Где ты, мой жеребенок белолобый?»
Рассказ «Камчигер»
«Тропа шла над пропастью, тропа была шириной в волосок и острие ножа – тропа над пропастью Суык-шат.
Всадники спешились и вели коней в поводу. Здесь нужно было соблюдать особенную осторожность: чуть оступишься – и полетишь в пропасть до самого дна, до самого ручья Шарыктыбулак, и там на острых валунах найдешь свое последнее успокоение. И недаром называли окрестные жители низкую тропку «мостом праведников», ибо суеверно считали – если кто здесь, на свою беду, разобъется, то в глазах правоверных мусульман навечно останется грешником».
Рассказ «Камчигер»
«Две скалы вонзаются в небо сверкающими копьями, а зеленая седловина обрывается стремительно уходящей вниз пропастью, на дне которой нашли приют редкие лиственницы. Ущелье Туйе-Тас: непокорный ручей Шарыктыбулак кощунственно плюет в небо белыми хлопьями пены, и ветер с песьим воем скользит по холодным отвесным стенам, готовясь вырваться на простор, но со всего разбега ударяется упругой грудью о черную скалу, мертвенным стражем стоящую у самого выхода. Скала эта напоминает гигантского злого верблюда…».