Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.
Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында (1926) білім алған.
1941-1956 жылдар аралығында Қазақстанда шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге, «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары, М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің рухани байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.
«Сайтан көпір» хикаят
Қапелімде не екенін білмей, әуестікпен селтиіп тұрып қалған Аспан, «мың миллион жылқыны қиқу сала қуғандай құдіретті қуатпен дүрілдеген не?» - деп артына жалт қарағанда, тура қыр желкесінде көкке шаншыла кірген жақпар тасты биік таудың тұла бойы шаңытып, айдаһарша ысқырып, өгіздей өкіріп, найзағай жарқылындай жылдамдықпен ағылып келе жатқан жойқын көшкінді көрді. Көрген бойда «астапыралла» - деп азбанға қарғып мініп, қамшы басқан. Сатыр-гүтір шапқылап «Сайтан көпірдің» ортан беліне іліккенде сұмдық шапшаңдықпен сусыған аппақ айдаһарлар қуып жетіп, үстінен басып-ақ қалғаны. Дүние: көпір, тау-тас, аспан, анау ілмиіп-ілмиіп елеңдеп тұрған жабағылар – бәрі-бәрі қас қағым сәтте жоқ болды; өлім деген албастының осыншалық төтеден келерін кім білген, кім білген..! Таудан құлаған қар селі Аспанды қақпақылдай қағып алып, астындағы азбанмен бірге бүктеп апарып, Қабаның қар нығыздалған өзеніне лақтыра салды.
Сайтан көпір / Крик
Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР
Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).
В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».
Повесть «Крик»
«Прямо с неба, оттуда, где острия утесов упирались в него, мчался с бешеной скоростью свистящий и орущий, всесокрушающий снежный обвал. Мчался на него. С криком: «О Аллх!» - Аспан-табунщик хлестнул плетью мерина. Хлестал так, что через миг они оказались на середине моста, и тут белый дракон настиг их, навалился всей своей страшной силой. …Снежная лавина, упавшая с гор, схватила табунщика вместе с его лошадью и выбросила в стылые воды реки».