«... Үй­де телефон болса да маған «хат жаз» дейтін. Мен ауылдың бү­кіл жаңалығын жазып жібе­ре­мін. Біздің үйге ауылдың ақсақалдары, көршілер көп келетін. Ағамның тапсырмасы бойынша мен үлкен адамдардың әңгімесін көп тыңдадым. Олар қызу әңгіме үстінде неше түрлі мақал-мәтелдерді қолданатын. Мен соны жазып алып, жинақтап қоятынмын. Ағам өзіне ұнағандарын белгілеп алып, кейбіреулеріне таңдана қарап, «сөзді ұмытып барамыз» дейтін. Бұрын кездестірмегендері болса, «мына мақалды кім айтты? Есіңе түсірші», – деп отыратын. Одан қалса, ауылдың, үйдің барлық жаңалықтарын жіпке тізгендей етіп ағама хат жазып тұратынмын.
...1987 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты Қырымдағы санаторийде демалды. Сонда маған: «Жері таулы, неше түрлі ағаш бар. Біздің санаторий – үлкен. Тура Қара теңіздің жағасында. Күтімі, тамағы жақсы. Тек зерігесің. Әбден жалығып, ел-жұртты сағынып біттім», – деп хат жазған».

Бөкейқызы, Ғалия. Әлемдегі ең бауырмал, ең тәкаппар, ең шыншыл адам менің ағам еді... [Электронный ресурс] / Ғ. Бөкейқызы // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. - 2013.-№ 15. - Б. 6-10.

Оралхан Бөкейдің «Бегалин кітапханасының» кураторы Алма Қоңыроваға жазған жауап хаты. 26.03.1981 ж.
Оралхан Бөкейдің Қырымдағы Ялта санаторийінде демалып жатқанда қарындасы Ғалияға жазған хаты.19.05.1987 ж.