(1930-2003)
Оралханды өмірге баулыған рухани ұстазы Сейтзада Ластаев туралы
Сейтзада Ластайұлы 1930 жылы Катонқарағай ауданы Қабырға ауылында дүниеге келген.
Ұлы Отан соғысы жылдары колхозда жұмыс істеген.1950 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіреді.
1950-1954 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін тәмамдайды.
Жоғарғы білімді тіл маманы Сейтзада Ластайұлы 1954-1956 жылдар аралығында Катонқарағай, Зайсан, Большенарым аудандық газеттерінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарады.
Ал «Оралхан Бөкей туралы ой қозғасақ, Сейтзада Ластаевты еріксіз еске аламыз».
«Ол кезде Сейтзада өзі баулып өсірген Ораштың Шерханның шекпенімен әлемді шарлап, бала күйінен армандаған Алтайдың Мұзартына ту тігетінін ол қайдан білді десеңші... Ол Оралханды туған інісіндей жақсы көріп үйіне тұрғызып, «Еңбек туы» газетіне жұмысқа алып, қанаты қатқанша баулып, ұсақ-түйек мақаладан бастап ауқымды әңгіме, мазмұнды очерк жаза алу дәрежесіне дейін көтерді» - деп еске алады замандастары.
Иә Оралхан осы газетте істей жүріп, Сейтзада ағасының жетекшілігімен журналистика мамандығының қыр-сырын игереді.Кейіннен Оралханның әдебиет пен журналистикаға деген ерекше қарым-қабілетін таныған ұстазы Оралханды үлкен өмір жолына қанаттандырып ұшырады. Сейтзада Ластаев Оралхан Бөкейдің жақын туысы болуымен бірге оны өмірге бейімдеген алғашқы рухани ұстазы да еді.
«Менің екі әкем бар: бірі - өмірге баулып, жолдама берген рухани әкем, екіншісі - өзімнің туған әкем» - дейді Оралханның өзі.
Сейтзада Ластаев 1966-1967 жылдары облыстық «Коммунизм туы» газетінің Большенарым, Зырян аудандары бойынша меншікті тілшісі болып істейді.
1967 жылы Большенарым аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, кейін 1971 жылы Катонқарағай ауданы құрылғанда партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1979 жылы Катонқарағай аудандық ауылшаруашылық жұмысшыларының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.
Жұбайы Шагиманова Камиза қарапайым, жайдары мінезді, қонақжай жан еді. Ұзақ жылдар бойы аудандық «Луч-Арай» газетінің редакциясында еңбек етті. Ластаевтар жанұясы Фархат, Әмір, Зайра, Назира сияқты білімді ұл-қыздар өсірген үлгілі отбасы.

Сейтзада Ластаевтың жақын туысы Мыңбаева Гульнафис Биахметовнаның естелік-әңгімесі