Оралхан Бөкей есімінің кітапханаға берілуіне – 10 жыл!

Биыл Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханаға көрнекті қазақ жазушысы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің есімі берілгеніне 10 жыл.
2016 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №637 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының бірқатар мәдениет және білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы шешім қабылданды.
Осы қаулыға сәйкес Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің есімі берілді. Бұл – қаламыздың рухани-мәдени өміріндегі маңызды тарихи оқиға болған еді.
