Алтайдың арда Ұлы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына арналған «Оралханның басқа өмірі» - «Другая жизнь Оралхана» атты деректі фильм жұртшылық назарына ұсынылды. Танымал кинорежиссер Сергей Азимов түсірген фильм кейіпкерлері Жазушы тағдырының бізге беймәлім тұстары жайлы да сыр шертеді. Ол туралы Оралхан Бөкейдің жиені, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, зерттеуші Тоқтарбек Мағзұмов әңгімелеп берді.
Викторина «...Сіз Оралхан Бөкейді білесіз бе?»
Оралхан есімінің қойылу тарихы
ЖАУАП
Әкесі Бөкей Оралға еңбек майданына аттанғанда, Оралхан іште қалған нәресте еді.
Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ниетпен, дүниеге келген нәрестеге Оралхан деген ат қойылады