Оралхан Бөкей атындағы драматургия байқауы
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ҚУАНҒАН КҮН…
Өскемен қаласы әкімінің қолдауымен 2022 жылы Оралхан Бөкей атындағы «Ауыл хикаялары» атты республикалық проза байқауы, 2023 жылы республикалық публицистика байқауы ұйымдастырылды. Ал биылғы байқауды драматургия жанрына арнадық. Осылайша, Оралхан қазыналы мұра қалдырған проза, публицистика және драматургия жанрларын түгел қамтыдық. Бүгін өткен республикалық драматургия байқауының марапаттау салтанатының басында қатысушылар Жазушының аяулы дидарымен жүздесіп, 37 жыл бұрын драматургия туралы айтқан сөзін толғана тыңдады. Өз кезегінде қала әкімі Жақсылық Омар классиктің қазыналы мұрасының бүгінгі таңдағы өзектілігі туралы сөз тербеді. Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО бөлімшесінің төрағасы, ақын, Оралханның рухани замандасы Әлібек Қаңтарбаев жазушының драматургиясы хақында ой толғап, естелігін бөлісті. Алтайдың ар жағындағы ақын-сазгер Даму Долданың Бөкейұлына арнаған «Ақиық Аға» атты әсерлі әні де қауымның жанын бір тебіренткендей болды... Осыдан кейін байқау жеңімпаздарын марапаттау да басталды. Әділ Әуезхан, журналист, (Өскемен) – «Қылбұрау» атты екі бөлімді драма-диалогы үшін, Имашпаева Айдана (Өскемен) «Өмірімнің нұры» драмасы үшін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ филологиясы факультетінің студенті Әділбек Айсұлу «Армансыздың аһ ұруы» драмасы үшін Өскемен қаласы әкімінің «Алғыс хаты» және «Ынталандыру сыйлығы» - 200 000 теңгенің Сертификатымен марапатталды. ІІІ ОРЫН – Әлібек Байбол (Алматы) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – «Бала. Отбасы. Үшеу» драмасы үшін Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және 700 000 теңге сертификаты, ІІ ОРЫН - Айзат Рақыш (Алматы) жазушы, ұстаз - «Жалғыздық серті» атты драмасы үшін Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және 500 000 теңге сертификаты, І ОРЫН - Жантас Еркінұлы (Кереку) - «Көзімді жұмсам да көрем сені...» драмасы үшін Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және 800 000 теңге сертификатымен марапатталды. БАС ЖҮЛДЕ – Бақыт Жалиеваға (Ақтөбе) – «Марианна» драмасы үшін Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, 1000 000 теңге сертификаты және Оралхан Бөкейдің бейнесі Мұзтауда бедерленген ескерткіш табыс етілді.
Жүлдегер шығармаларды оқыңыздар!