Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»

Image

                                                Мектеп тарихы
-         1993 жылы Өскемен қаласының Тоқымашылар қалашығындағы бұрынғы №33 орыс орта мектебінің ғимаратына №44 қазақ орта мектебі ашылды.

-         1994 жылы наурызда №44 қазақ орта мектебіне Оралхан Бөкей есімі берілді.

-         1999 жылы мектеп оқушыларының бірыңғай киім үлгісі енгізілді.

-         2000-2001 оқу жылында мектепке қалалық әкімшіліктің №2571 шешімі бойынша мектеп-лицей мәртебесі берілді.

-         2000 жылы қыркүйек айында «Төрт таған» мектеп мұражайы ашылды. Мұражай төрт бөлімнен тұрады. Олар: «Талантына табындырған қаламгер» (Оралхан Бөкей бағыты), «Отан үшін от кешкендер», «Мектеп-білім ордасы» және этнографиялық бағыт.

-         2000 жылы мектеп рәміздері қабылданды (Таңба, Ту, Гимн), 2016 жылы лицей мәртебесі берілуіне байланысты өзгертулер енгізілді.

-         2005 жылы бұрынғы №45 орыс мектебінің орнына қазақ орта мектебі ашылып 600 оқушы, 24 сынып, мұғалімдерімен бірге бөлініп шықты.

-         2008 жылы мектеп мұғалімдері мен оқушыларының Төсбелгісі қабылданды. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған Төсбелгілердің сапасын жақсарту үшін  3 мәрте өзгертілді. Сол үшінші Төсбелгі Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына және мектептің 20 жылдығына 2013 жылы арнайы жасалынды.

-         2008, 2011  жылдары облыс әкімінің жүлдесі бойынша «Ең үздік мектеп» байқауында Бас жүлде иеленді.

-         2009-2010 жылдары лицейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-         2010-2011 жылдары лицейде ауласында кіші архитектуралық формалар орнатылды.

-         2012 жылы маусым айында алғашқы биология-химия пәні мұғалімдерінің бірінші Республикалық съезі және облыстағы мектеп директорларының семинары өтті.

-         2012 жылы лицей оқушыларының (ұлдар, қыздар)  Кодексі қабылданды.

-         2013 жылы футбол және баскетбол алаңы жөнделді.

-         2015 жылы ЖМК ауданында жаңа №46 қазақ орта   мектебі ашылып  700 оқушы, 27 сынып, мұғалімдерімен бірге бөлініп шықты.

-         2016 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің  №966 шешімімен мектеп-лицейге лицей дәрежесі берілді.

-         1993-2019 жылдар аралығында лицей директоры болып Туменбаев Т.К. қызмет атқарды.

-         2019-2020 жылдар аралығында лицей директоры – Садыкова Н.А. осы ұйымда басшылық жасады.

-         2020-жылдың  27 қарашадан бастап Назарбаева Жаныл  Кайырбековна лицей  директоры болып қызмет атқарып келеді

-          2000 жылы қыркүйек айында Оралхан Бөкейге арналған мұражай ашылды.

Image

-          2013 жылы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай арнайы Төсбелгі жасалды.

Глубокое ауылындағы
Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі

Image

Кент тұрғындарының өтініші бойынша  ШҚО Глубокое ауданы әкімі М.Ә.Әкірамов мырзаның  1997 жылғы  қаңтар айындағы  №388 бұйрығымен  ауылымызда қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің  3.11.1997 жылғы  №1485 қаулысы негізінде мектепке Алтайдың өр тұлғасы, мұзбалақ жазушысы, еліміздің ақиық азаматы  Оралхан Бөкейдің есімі  берілді. Мектептің алғашқы директоры болып Нұрбергенов Амангелді Нұрбергенұлы тағайындалды. Бала санының артуына байланысты 29.09.1998 жылғы №116 бұйрығы негізінде мектеп орта мектеп болып қайта құрылды және аудан әкімінің 28.09.1998 жылғы №320 бұйрығы шешімімен мектеп жанынан  35 орындық интернат ашылды. 2002-2003 оқу жылында 240 орындық қосалқы ғимарат салынып, іске қосылды. 2007 жылдың 28 қыркүйегінде мектептің 10 жылдығы қарсаңында көрнекті жазушының туған күніне орай мектеп ауласында белгілі мүсінші В.Б.Самойловтың шығармашылығымен Оралхан Бөкейдің мүсіні орнатылды.

2015 жылдың қыркүйек айында мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.

Мектеп директоры Досқалиева Сәуле Жуандыққызының көрегендігі мен іскерлігінің және көшбасшылық қасиетінің арқасында мектеп ұжымы әрдайым дұрыс бағытты  ұстанып, заман талабына сай тұлға тәрбиелеуге зор үлес қосуда. Ұстаздар мен мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық,  халықаралық байқаулар мен олимпиадалар және басқа да шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мақсатында мектебімізде көптеген шаралар атқарылады. Мектептегі іс-шаралар Оралхан Бөкей шығармашылығы мен тығыз байланысып, берік ұштасуда.

2015 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларына арналып, жазушы мұрасын дәріптеп жаңғырту мақсатында  Оралхан Бөкей атындағы сынып ашылды.    

Image
Image
Image

"Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" КММ

Image
Image
Image
Image
Image
Image
Image