Исин Болат Кәрімұлы - суретші, кескіндемеші, сәндік қолданбалы өнердің шебері, КСРО Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі

Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы)  Мақаншы ауылында 1952 жылы өмірге келген.  1978 жылы Батыс Украинаның В. Касиян атындағы Косово халықтық көркем өнер техникумын бітірген. Бірқатар  жылдар бойы сәндік-қолданбалы өнер саласында жемісті еңбек етіп, көптеген көркем туындылардың авторы ретінде елге танылды.

«Жiгер» фестивалінің иегері (Алматы, 1988), Суретшілердің «Тау Түрген» шығармашылық үйінде өткен халықаралық  симпозиумдардың жүлдегері (1993, 1995), «Қазақстан-2000 шығармашылық сыныбы» халықаралық өнер фестивалінің иегері (Алматы, 2000), ШҚО әкімі сыйлығының иегері.

Қазақ әдебиетінің классигі  Оралхан Бөкейдің «Ардақ», «Зымырайды пойыздар», «Ән салады шағылдар», «Кербұғы», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбоз ат», «Қамшыгер», «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты шығармалары бойынша салған көркем туындылары еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтар.

Image

Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.

Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында  (1926) білім алған.

1941-1956 жылдар аралығында  Қазақстанда  шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче  еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге,  «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары,  М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің  рухани  байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.

Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.