Оралхан атындағы көшелер

- 1993 жылы 8 желтоқсанда Катонқарағай ауданы Үшбұлақ ауылындағы № 3 көшеге – «Оралхан Бөкей атындағы» атау берілді.

- 1994 жылы Өскемен қаласындағы Металлург кентіндегі бір көшеге О.Бөкейдің есімі берілген.

- Алматы қаласы әкімінің 03.11.1997 № 655 қаулысына сәйкес Алматы қаласындағы бір көшеге қоғам қайраткері, қазақтың талантты жазушысы, қолтаңбасы дара суреткер, қара сөздің хас шебері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, драматург, публицист Оралхан Бөкеевтің есімі берілген. Көше Әуезов ауданында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып Рысқұлов даңғылына дейін созылып жатыр. Бұрынғы атауы - Севанская көшесі. Көшенің ұзындығы - 1250 метр.

Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия [Мәтін]:

– Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0. https://kk.wikipedia.org/wiki/

 

Катонқарағай, Шыңғыстай, Коробиха, Ақсу ауылдарының көшелері  Оралхан Бөкей есімін иеленген.

- 2012 жылы Катонқарағай ауданы Өрел ауылындағы бір көшеге О.Бөкей есімі берілді.

- 2018 жылғы 10 қаңтарда Орал қаласындағы Деркөл кентінің №6 атаусыз көшесіне Оралхан Бөкей есімі берілген.

- Еліміздің бас қаласы Астанада, Қызылордада, Алматы облысындағы Талғар, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай қалаларында Оралхан Бөкей атындағы көшелер бар.

Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Жолымбет, Целиноград ауданындағы Тайтөбе, Шалқар, Алматы облысындағы Ескелді ауданындағы Қарабұлақ, Талғар ауданындағы Ақбұлақ, Алакөл ауданындағы Ақжар, Атырау облысы Махамбет ауданындағы Махамбет ауылдарының көшелері жазушы есімін иеленген.

 


Басып шығару   E-mail