«АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Асқар Алтай: Оралхан Алтайда тірі адам!

Бүгін арнайы Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханада Оралхан Бөкей атындағы «АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ» атты республикалық тұңғыш әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды.
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚ облыстық филиалы және Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған бұл байқау, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың қолдауымен жыл басында басталып, жазушының туған күнінде мәресіне жетті.
Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚ облыстық филиалы және Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған бұл байқау, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың қолдауымен жыл басында басталып, жазушының туған күнінде мәресіне жетті.

Байқаудың «Ауыл хикаялары» деп аталуының да өзіндік мәні бар. Жазушының осы шығармасының атауымен «Ауыл хикаялары» деп жарияланған байқаудың мақсаты – Ауыл – Анамызды және ауылдағы нағыз қазақтарды дәріптеу.
 
 

Ел мүддесін қара сөзбен жеткізетін қаламгер дарындарды қолдау, қанаттандыру. Жарты ғасырға жуық ғұмырын Алтайын, Елі мен Жерін жырлаумен өткізген қара сөздің Қамшыгері атанған классик жазушының құрметіне Республикалық «Ауыл хикаялары» атты тұңғыш әдеби байқауымыздың жыл басында жариялап, туған күні қарсаңында қорытындысын шығарып отырмыз.

Оралхан Бөкей атындағы байқауға еліміздің Абай, Ақтөбе, Астана, Павлодар аймақтарынан қатысқан жас қаламгерлер кеше Өскеменге ат арытып жетті.

Байқауға еліміздің әр облысынан 30-дан аса шығарма келіп түсті. Әділқазылар құрамында Оралхан Бөкейдің жан досы, рухани сырласы, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері АСҚАРОВ ӘЛІБЕК АСЫЛБАЙҰЛЫ, Оралхан Бөкейдің өзі «Асқар Алтай» деп атаған жазушы, Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Сорос» Қоры байқауының жеңімпазы АСҚАР АЛТАЙ және Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы ҚАҢТАРБАЕВ ӘЛІБЕК ҚАЛИҰЛЫ болды. Ерекше бір айта кететіні, қазылар шығармалардағы артық-кем түстарын қатысушыларға толық ашып айтып берді.

 
 

Байқаудың жеңімпаздарына келер болсақ, 1–орын – Қуат Қиықбай – «Аран», әңгіме. Абай облысы. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының қызметкері. Марапаты – Өскемен қаласы әкімінің дипломы және сертификаты.

2–орын – Бақыт Жалиева – «Аққұмдағы хикая», әңгіме. Ақтөбе облысы, Байғанин аудандық білім бөлімінің әдіскері. Марапаты – Өскемен қаласы әкімінің дипломы және сертификаты.

3–орын – Сәрсембаев Ақиқат–Үкілеген үміт (әңгіме). Өскемен. Марапаты – Өскемен қаласы әкімінің дипломы және сертификаты.

Жүлдегер шығармаларды оқыңыздар!

 Акпар, Р. Қоқыс жәшігі; Достықта шекара жоқ; Ит-үй жануарлары; Ақшақар арман; Жолбарыстың телефоны [Мәтін] :  Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған «Ауыл хикаялары» байқауында жүлде алған  / Р.Акпар  // Төр Алтай. – 2023. – №3. – Б. 57-58.

Жалиева, Б. Аққұмдағы хикая [Мәтін] :  Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған «Ауыл хикаялары» байқауында жүлде алған шығарма / Б. Жалиева  // Төр Алтай. – 2023. – №3. – Б. 35-51. 

Қиықбай, Қ. Аран [Мәтін] :  Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған «Ауыл хикаялары» байқауында бас жүлдені иеленген әңгіме / А. Сәрсембаев // Төр Алтай. – 2023. – №3. – Б. 35-51. 

Сәрсембаев, А. Үкілеген үміт [Мәтін] : Оралхан Бөкейдің шығармашылығына арналған «Ауыл хикаялары» байқауында жүлде алған шығарма / А. Сәрсембаев // Төр Алтай. – 2023. – №3. – Б. 52-56.