«Алтайдың асқақ жыршысы» атты танымдық-рухани кездесу өтті.
"Мұзтаудың мұзбалағы" атанған қаламгердің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға «Ауыл» партиясы мұрындық болып отыр. Кездесуде Оралхан Бөкейдің «Алтын қорда» сақталған бейнежазбасы экраннан көрсетіліп, көпшілік қаламгердің сөз саптауына қанып, тұлғасына көз жүгіртті. Әрі қарай жазушы Әлібек Қаңтарбай естеліктерімен бөлісіп, қатысушыларға тың мәліметтерді ұсынды. Ал кездесу соңына қарай жиналғандарға Бөкей.кз электрондық кітапханасының жұмысы таныстырылды.