Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы аясында
Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін
«ЕРКІНДІГІН АҢСАҒАН КЕРБҰҒЫ...»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
қатысушыларына арналған

 ЕРЕЖЕ

Өтетін күні: 2023 жыл, 13-желтоқсан,  сағат 10:00.
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
 Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталық кітапхана
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің шығармашылығын зерттеп - зерделеу. Жастарды  ғылыми еңбек жазуға тарту және қолдау. Оралхантанушы жастарды анықтау, бұқараға таныстыру.
Назар аудару: «Еркіндігін  аңсаған  Кербұғы...»  тақырыбы  жазушының «Кербұғы»  шығармасынан алынды. Еркіндік аңсаған Кербұғы – Тәуелсіздікті аңсаған  Қазақ Халқының және Оралхан Бөкей бейнесінің символы іспетті. 
 
Конференция  жұмысында қаралады:
  • Қазақстанның заманауи әдеби үдерісінің өзекті мәселелері;
  • Оралхан Бөкей шығармашылығы, жазушының көркемдік әлемі;
  • Көркем мәтінді талдау мәселелері;
  • Қазіргі Оралхантанудың өзекті мәселелері;
  • Көркем мәтінді, Оралхан Бөкей шығармаларын оқытудағы инновациялық технологиялар;
  • Көркем мәтіндегі ұлт келбеті.
 
***              ***              ***
Алқалы жиынды өткізу үлгісі:  офлайн / онлайн
Қатысушылардың жас мөлшері: 18 – 40 жас аралығы
Зерттеу еңбегінің тілі:  Зерттеу еңбегін  қазақ, орыс және ағылшын тілінде  ұсынуға болады.  Қатысушыларға сертификат беріледі.
Жазу тәртібі:
Қағаз түрі  –  А4; Файл үлгісі  – *rtf;  Мәтін редакторы  – Windows үшін MS Word ; әріп түрі – Times New Roman, 14
Зерттеу жұмысын жолдау:
        2023 жылдың 7 желтоқсанына дейін  авторлық зерттеу еңбегін және өтінішті (үлгісі төменде) электронды түрде ukcbs@mail.kz  пошта мекенжайына жолдау керек.  Немесе, Оралхан Бөкей атындағы  орталық кітапханаға әкеліп тапсыруға  болады.
Мекенжайы: Е.П.Славский атындағы  Ертіс жағалауы, 22
Ескерту:
  • Зерттеу еңбегінің көлемі бес (5) парақтан аспағаны абзал.
  • Пайдаланылған кітаптар тізімін жазу керек.
  • Көрсетілген мерзімнен кешіктірілсе, қабылданбайды.
  • Төмендегі өтінішті толтырып, зерттеу еңбегімен бірге жіберіңіздер.
 
ӨТІНІШ ҮЛГІСІ
Аты-жөні, туған  жылы, күні______________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы___________________________________
Жұмысы/қызметі, немесе оқу орыны, факультеті, курсы____________________________________________________________
Баяндама тақырыбы_________________________________________________________
Байланыс телефоны___________________________________________
Электрондық пошта____________________________________________
 
  • Конференция материалдары (төлемақысыз) электронды  жинақ түрінде бұқара  назарына  ұсынылады.