Шыңғыстайдағы мұражай-үйі

2003 жылы 8 қазанда Оралхан Бөкейдің 60 жылдығына орай Оралхан Бөкей мұражай - үйінің салтанатты ашылуы, жазушының туған ауылында Шыңғыстайда өтті. Катонқарағай өңірінің өзіне тән, бөренелерден салынған ағаш үй. Осы үйде жазушының балалық шағы өткен. Оралхан Бөкейдің Алматыға сапарынан кейін, бұл үй ұзақ уақыт бос қалды. Тек 2003 жылы ғана Катонқарағайдың мәдениет бөлімі шешімімен жерлесімізді еске алу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы мұражай-үйі қалыптасты. Сол уақыт аралығында мұражай-үйі 2005 жылы дүниеден өткен жазушының апайы Шолпанның қарамағында болды. Мұражай - үйінің алдында кіреберісте шығысқазақстандық мүсінші Владимир Самойлов орындаған мемориалдық ескерткіш Оралхан Бөкейдің мүсіні орын алған.

Мұражай-үйі 4 бөлмеден құралған: ас үй, қонақ бөлмесі, ата-анасының бөлмесі және жазушының дем алу бөлмесі. Мұражайдың экспозициясында жазушының ата-анасы мен Оралханның өзі қолданған тұрмыстық заттары ұсынылған.


Басып шығару   E-mail