Айхан мен Айжан
Оралханның ұрпағы
...Оралханның өмірде ең қатты күйзелгені - Аймен дүниеден өткені болса, қатты қуанғаны - Айхан мен Айжанның дүниеге келуі еді. Тұңғышы Айхан дүниеге келгенде, Оралхан екеуміз оған киім - кешекті дүкенге бірге барып алдық. Екінші әйелі Ардақпен жақын араластық. Екеуі жазушылардың шығармашылық үйінде танысқан екен. Ардақ сонда жұмыс істеген. Ол мені Оралханның бірге туғанындай көрді. Ардақ жас болды, екеуінің жас айырмашылығы жиырма жылдай. Екінші баласы Айжан туылғанда, мен оның кіндік шешесі болдым. Бірақ Оралхан өмірден өткен соң, Ардақ бізден алыстап кетті. Арамызда ешқандай реніш болмаған. Осы биыл Оралханның 70-жылдығында көретін шығармын деп отырмын. Ел айтып жүргендей, Ардақ екінші рет тұрмысқа шықпаған. Оралханның балаларын орысша оқытыпты. Екеуі де қазір есейген...
Нұрсара Бақыжанқызы.
Бақыжанқызы, Н. Қатонқарағайда - сыныптасым, Алматыда - сырласым [Мәтін]: / Н. Бақыжанқызы; сұхб. Ж. Нармаханова // Ақ желкен. - 2013. - № 5. - Б. 18-21.