Мақалалар:

Мағзұмов, Т. Ақтабан шұбырынды : әңгіме / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Дидар. - 1989. - 22 август. - Б. 4.

Мағзұмов, Т. Ақтабан шұбырынды : әңгіме / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Коммунизм туы. - 1989. - 22 август. - Б. 4; 23 август. – Б. 4.

Мағзұмов, Т. Иелік жасай білсек / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Дидар. - 1990. – 18 шілде. - Б. 2.

Мағзұмов, Т. Қыз суреті :  әңгіме / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Дидар. - 1991. - 21 мамыр. - Б. 4; 22 мамыр. - Б. 4.

Мағзұмов, Т. Мәңгілік әуен : новелла / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Ақ Ертіс. - 2002. - №3. - Б. 41-46.

Мағзұмов, Т. Сыңар аққу / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Ақ Ертіс. - 2003. - №3. - Б. 6 -17.

Мағзұмов, Т. Құралай желі : әңгіме / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Ақ Ертіс. - 2005. - №6. - Б. 3-18

Мағзұмов, Т. Байберді асуы : хикаят (журналға лайықтап ықшамдалған) / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Ақ Ертіс. - 2007. - №5. - Б. 3-15.

Мағзұмов, Т. Әкемнің әңгімелері / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Ақ Ертіс. - 2007. - №2. - Б. 46 - 50.

Мағзұмов, Т. Орны бөлек Оралхан : [эссе] / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Дидар. - 2012. - 18 мамыр. - Б.12.

Мағзұмов, Т. Алтайдағы алтын ұя : эссе-элегия / Т. Мағзұмов. -  Мәтін // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 28 ақпан. - Б. 14.

Мағзұмов, Т. Байберді ауыл мектебі / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Менің өлкем. - 2014. - 15, 22 мамыр. - Б. 21.

Мағзұмов, Т. Бозмұнар : «Құзғынды қырғыны» хикаятынан үзінді / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Өтүкен. - 2015. - №1. - Б. 127-142.

Мағзұмов, Т. Оралхан әдебиеттің есігін өлеңмен ашқан [Мәтін] / Т. Мағзұмов // Дидар. - 2015. - 5 маусым. - Б. 22.

Мағзұмов, Т. Бұл өлкенің тарихы әріде жатыр : [Катонқарағай ауданына 90 жыл] / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Дидар.- 2018. - 4 қыркүйек. - Б. 5.

Мағзұмов, Т. Катон-Қарағай қасиетті мекенім; Әбдікерім Ережепұлы [Мәтін] / Т. Мағзұмов // Жұлдыз. - 2019. - N2. - Б. 165-186.

Мағзұмов, Т. Ұлт дамуының үш тағаны : автормен сұхбаттасқан лейтенант Бағдат Амангелді / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Бүркіт. - 2019. - №2. - Б. 33-34.

Мағзұмов, Т. Таңғажайып туған жер: Кеңгір тұра – Тасқорған – Туған жер/ Т. Мағзұмов. - Мәтін // Жұлдыз. - 2021. - №4. - Б. 153-164.

Мағзұмов, Т. Алтай өрнектері / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Жұлдыз. - 2021. - №7. - Б. 205-208.

Токтар Нуржакинович Магзумов : [информация о Т. Магзумове]. - Текст // Алтай изумрудный. - 2022. - 1 октября. - С. 50-52 : фот.

Мағзұмов, Т. Алтайдың тарихын аңыздардан да табамыз : [Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай сұхбаттасқан М. Иманғали] / Т. Мағзұмов. - Мәтін // Дидар. - 2023. – 19 қазан. - Б. 1,9.

 

 

 

Оралхан туралы естеліктер

Жүсіп, Н. «Асау жүрек аяғын шалыс басқан... Үндістан сапары [электронды ресурс] : Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай естелік / Н. Жүсіп // Пайдалану орны: http://surl.li/ltddy

Жүсіп, Н. Оралхан ағаның соңғы суреті [электронды ресурс] / Н. Жүсіп // Пайдалану орны: http://surl.li/ltcsq

Жүсіп, Н. Бүгін Оралхан Бөкейдің туған күні [электронды ресурс] / Н. Жүсіп // Пайдалану орны: http://surl.li/ltcti

Өмірбаяны

Қазақстан жазушылар одағы мен «Атамұра» баспа корпорациясының жазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері Болатбек Төлепберген

Болатбек Төлепберген Көрпебайұлы  1974 ж. Жамбыл облысы Сарысу ауданы «Жайылма» ауылында дүниеге келген. 1991 жылы ауылдағы орта мектепті күміс медальға бітіріп, 1991-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары «Өркен» және «Жас алаш» газеттерінің тілшісі болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі,1996-1998 жылдары «Зерде» журналы бас редакторының орынбасары,1998-2000 жылдары «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, 2000-2001 жылдары «Асар» жастар газетін ұйымдастырушы, бас редакторы, 2002-2005 жылдары «Журналист» газетінің редакторы болды. 2010 жылы философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған. Қазір Қазақ радиосы директорының орынбасары - «Шалқар» радиосының директоры.

Ұлттық мәселелер, тарихи ақтаңдақтар және демократия принциптері турасында өз авторлығымен және құрастыруымен он бес кітапты жарыққа шығарған. 2004 жылы «Көшкен күннің бояуы» публицистикалық кітабы, 2006 жылы «Біз білмейтін желтоқсан» кітабы, 2006 жылы «Желтоқсан-86» он томдық естеліктер, құжаттар, мақалалар жинағы" (құрастырушы авторы), 2007 жылы «1937-2007:Тауқымет пен тағзым» жинағы, 2008 жылы «Мәңгі жас Алаш идеясы» кітабы, 2009 жылы «Ұлтым деп соққан жүректер» жинағы, 2010 жылы «Желтоқсан қарлығаштары» кітабы, 2011 жылы «Ұлттық идея – тәуелсіздік тұғыры» кітабы, 2012 жылы «Қасиеттім-Желтоқсан!» және 2015 жылы «Біз осы не бітіріп жүрміз?» кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ 2008 жылы оның жетекшілігімен елдегі оралман ағайындар жайлы «Сүйікті менің отаным» атты деректі фильм көрерменге жол тартты. Ол барлық туындыларында ұлттық құндылықтар мен қазақ мәселесіне қалам тербеп келеді. Ағарту бағытында республикалық БАҚ-да мақалалар жазып, теледидар мен радиода ұлттық бағыттағы насихат жұмыстарын жүргізеді.

Ұлт мәдениеті мен тарихына қатысты бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық конференциялар мен дөңгелек столдарды ұйымдастырушы. Оның ішінде Алашқа қатысты конференциялар, Дәстүрлі музыка орындаушыларының республикалық I-ші құрылтайы, репрессия, желтоқсан және оралмандар мәселелеріне орайғы дөңгелек столдар бар.

Болатбек Төлепберген - Қазақстан Жазушылар Одағы мен «Атамұра» корпорациясының жазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993), «Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008) және ҚР Мәдениет қайраткері (2009) және ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011). Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.

Өмірбаяны

  

Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі кентінде дүниеге келген.

Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1918-1985), анасы - Байділдақызы Рабиға (1925 ж.т.), зейнеткер, Батыр Ана, күріш өсіруші.

1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Кітап авторы: «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақ қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006), «Мың құмырсқа және Біз».

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

  • Еңбек қызметінің бірінші сатысын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті агроөнеркәсіп бөлімінің журналисі болып бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 1990-1996 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі, Бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
  • 1996-2002 жылдары – «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Астана Хабары» газеттерінің бас редакторы.
  • 2008-2019 жылдары – «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.
  • 2019 жылғы 12 тамыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
  • "AMANAT" партиясының мүшесі.
  • 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.

МАРАПАТТАРЫ МЕН АТАҚТАРЫ

  • Мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иесі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес);
  • Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі;
  • Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі;
  • Қазақстанның құрметті журналисті;
  • Қазақстан Журналистер Одағы Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты;
  • Қазақстан Журналистер Одағы С. Сәдуақасов атындағы сыйлықтың лауреаты;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттік сыйлықтың лауреаты;
  • «Алтын Адам» - ұлттық сыйлығының лауреаты — Жыл адамы;
  • Қазақстан Журналистер Одағы «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты (2000);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001);
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005);
  • Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін "Құрмет" ордені (2009);
  • «Тіл жанашыры» медалі (2014);
  • Шиелі ауданының және Қызылорда облысының Құрметті азаматы (2018);
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке алғыс хаты (2019 жылғы 26 маусым);
  • Парасат Ордені (2021 жыл, желтоқсан).

Просмотры сайта

Материалды қарау саны
200013

КІТАПТАР   ҚҰЖАТТАР    ЕСТЕЛІКТЕР

Copyright © 2024 КГУ «Централизованная библиотечная система имени Оралхана Бокея»

Publish modules to the "offcanvas" position.