«Қазіргі қазақ повестеріндегі адам мен табиғат мәселелері /70-80ж/» - кандидаттық диссертация
1993
Бахтыгүл Шерімқызы Баймусаева
Алматы
1994
Өскенбай Көзбеков
«О.Бөкеев прозасының поэтикасы» - кандидаттық диссертация / ғылыми жетекшісі Б. Майтанов
Алматы
1998
Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетова
«О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» - кандидаттық диссертация / ғылыми жетекшісі С.А.Қасқабасов
Алматы
1999
Құралай Темірбекқызы Жанұзақова
«Оралхан Бөкеев прозасындағы романтизм» - кандидаттық диссертация
1999
Г. Ж. Жәлелова
«Концепция личности в прозе О. Бокеева» - кандидаттық диссертация - аударма саласындағы еңбектер (аударылған туындылары бойынша) / ғылыми жетекшісі Н.Ғабдуллин
Алматы
1999
С.Ш. Айтуғанова
«Адам және табиғат концепциясы шағын прозада» - кандидаттық диссертация
2000
Айгүл Ғалиқызы Сембаева
«Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика (О. Бөкеев шығармалары бойынша)» - кандидаттық диссертация
2002
Жазира Нұрсұлтанқызы
«О.Бөкееев шығармаларындағы бейвербалды амалдар» - кандидаттық диссертация / ғылыми жетекшісі Ф.Ш. Оразбаева
Алматы
2006
Оралханды оятқан оғлан
Жазушы Оралхан Бөкейдің қаламынан төгілген туындылардың әрқайсысы жеке-жеке зерттеулерге нысан бола алатын құндылықтарға толы. О. Бөкейдің шығармалары әртүрлі ірілі-ұсақты ғылыми зерттеулердің өзегі болып келді және алдағы уақытта да бола береді.
Ең алғаш О.Бөкей шығармашылығының ғылыми зерттелуі Айгүл Әмірғалиқызы Рамазанованың «Қазіргі қазақ повестеріндегі адам мен табиғат мәселелері /70-80ж/» кандидаттық диссертациясынан бастау алады. Кандидаттық диссертация 1993 жылы Алматы қаласында қорғалды. Бұл еңбекте адам мен табиғат жайы ғылыми зерттеудің негізгі нысанына алынып, О. Бөкей шығармаларында көзделген экологиялық мәселелерді сөз етеді.
Келесі кандидаттық диссертация 1998 жылы Алматы қаласында қорғалған Өскенбай Көзбековтің «О.Бөкеев прозасының поэтикасы» атты зерттеу еңбегі. Белгілі ғалым, әдебиеттанушы Б. Майтановтың жетекшілігімен қорғалған бұл ғылыми зерттеу өз кезеңінде ғылыми ортада жоғары бағаланған еңбектер қатарынан табылды. Зерттеуші Ө. Көзбековтың ғылыми еңбектері «Оралханды оятқан оғлан» атты жинақта жүйеленіп берілген.
Көзбеков, Ө.
Оралханды оятқан оғлан [Мәтін] /
Өскенбай Көзбеков; құраст. Г. Искакова.-
Алматы: Мем. тілді дамыту ин-ты, 2013.- 228 б.
О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі
Жазушы Оралхан Бөкей туындыларын ғылыми зерттеу жұмысының нысаны ретінде қарастырған жүйелі де көлемді еңбектер 1993 жылдан 2006 жылдар аралығында көптеп жарыққа шықты.
Осындай еңбектердің бірі - филология ғылымдарының докторы, профессор Жанат Әскербекқызы Аймұхамбетованың «О. Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» атты 1999 жылы Астана қаласында қорғалған кандидаттық диссертациясы (жетекшісі ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасов).
Бұл жұмыста Оралхан Бөкейдің «Қар қызы», «Атау керек», «Сайтан көпір», «Жетім бота» сияқты повестеріндегі аңыздық желілер, мифтік, символдық бейнелерді анықтап, басқаша айтқанда мифологизм бағытында толық талданып, сипаттама беріп, сол арқылы қазақ әдебиетіндегі мифологизм бағытын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Жалпы алғанда, бұл зерттеу жұмысы жазушы Оралхан Бөкейдің қаламгерлік дара тұлғасын, жазушылық шеберлігін, тілдік болмысын терең тануға жасалған кешенді ізденістердің бірі болды.
Бұл кітапты біздің кітапхана қорынан алып оқуларыңызға болады.
Аймұхамбетова Ж. Ә.
Миф дүниесі және көркемдік әлем [Мәтін]:
/ Ж. Ә. Аймұхамбетова. – Астана, 2004. - 102 б.
