Оралхан Бөкей өмірбаяны

Оралхан Бөкей  (1943-1993) – журналист, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының  Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектепті аяқтаған соң, пионер жетекшісі болады. Кейін  «Алтай» совхозында тракторшы болып еңбек етеді.  
1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде  әдеби қызметкер болады.
1963-1969 жылдары С.М.Киров (қазіргі Әл Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай жоғары білім алады.
1968 жылы  жазушы Шерхан Мұртазаның шақыртуымен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіне келіп, журналистік қызметін жалғастырады.  

1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін бұқараға таныс етті.
1974-1983 жылдар  «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары, 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы қызметін атқарады. 

Кітаптары:
«Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1976), “Ән салады шағылдар” (1978), “Үркер ауып барады” (1981), «Өз отыңды өшірме» (1981), “Біздің жақта қыс ұзақ” (1984) «Құлыным менің» пьесалар жинағы (1986), «Ұйқым келмейді»  (1990), «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» (1995), «Қар қызы» (2008).  1994 жылы Оралхан Бөкейдің «Таңдамалы» жинағының  1-томы, 1996 жылы 2-томы жарық көрді.
Шетел тілдерінде жарық көрген шығармалары:
Оралхан Бөкей шығармалары қырғыз, парсы, орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да тілдерге аударылған.
«След молнии» -1978 жыл
«Поющие барханы» - 1981жыл
«Крик» - 1984 жыл
«Поезда идут мимо» - 1985 жыл
«Снежная девушка (Нуржан)» - 1990 жыл
«Человек-Олень» - 1990 жыл
«Чағылған» - Қырғыстан , 1981жыл
«Кербұғы», Эстония -1981жыл
«Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин - 1982 жыл
«Кісі киік» - ағылшын тілінде, 2018 жыл
«Бес тиын» - парсы тілінде, 219 жыл
Оралхан Бөкей орыс тілінен аударған  шетел  шығармалары:
А.Ким - «Меконың итмұрыны», 1980 жыл
Л.Н.Майков - «Өзім туралы»,  1968 жыл
Турсун Саттар - «Ақсақалдар», 1984 жыл
Чоори - «Жылқы туралы элегия»,  1969 жыл
Драмалық шығармалары:
«Құлыным менің», «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды пойыздар», «Жау тылындағы бала», «Жанар», «Атау кере», «Желтоқсан желі», «Бармысың, махаббат?»,  «Мен сізден қорқамын»
Оралхан Бөкей шығармалары желісімен түсірілген  көркем фильмдер:
«Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) «Өліара»  (режиссері  Елзат Ескендір).
1986 жылы «Кербұғы» (балетмейстер Б.Аюханов) балеті қойылды.
1994 жылы Оралхан Бөкейдің «Таңдамалы» жинағының  1-томы, 1996 жылы 2-томы жарық көрді.
Марапаттары:
1976 жылы - «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының иегері.
1978 жылы - «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері.
1986 жылы - «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
«Құрмет белгісі» ордені, ҚазКСР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.

 Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістанға барған  шығармашылық іс-сапарында өмірден өтті.

 

 

Басып шығару   E-mail