2004 жылы Өскемен қаласындағы ШҚО сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы этнопаркінің ашылуы болды. Бұл - О.Бөкейдің әдеби-мемориалдық кешенімен ШҚО-ның үздік жазушыларының шығармашылығының назарына ұсынылған ШҚО сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы облыстың ең таңдаулысы екенін баса айту керек.
Сәулет-этнографиялық мұражай-қорығы аумағында қос бірдей жазушылар үйі бой көтерген. ШҚО-ның қазақ жазушыларының үйі бірқабатты ағашбөренелі ғимаратта Оралхан Бөкейдің, орыс жазушылары үйі алдына Павел Бажовтың мүсін – ескерткіштері қойылған. Мүсін авторы - В. Б. Самойлов. Мұражай экспозициясында Оралхан Бөкейдің мемориалдық заттарынан: шылым трубасы, «чукчанка-қыз» кәдесыйы, жеке кітапханасынан алынған қолтаңбасы бар қазақ тілі оқулығы орын алған.