Image

Оралхан шығармаларының Сөздігі

Image
Image
Image
Image
Image
Image

...Сіз Оралхан Бөкейді білесіз бе?

Оралхан есімінің қойылу тарихы

ЖАУАП

Әкесі Бөкей Оралға еңбек майданына аттанғанда, Оралхан іште қалған нәресте еді.

Оралдағы еңбек майданында жүрген әкесі аман келсін деген ниетпен, дүниеге келген нәрестеге Оралхан деген ат қойылады

Жазушының соңғы шығармасы ?

ЖАУАП

«Атаукере» романы

Оралхан Бөкейдің ең алғаш жарық көрген өлеңі және ол қай газетте жарық көрген?

ЖАУАП

«Алтай» өлеңі, 1959 жылы 15 ноябрьде «Еңбек туы» газетінде жарық көрген
Пьесалары қандай жинақ болып жарық көрген?

ЖАУАП

«Құлыным менің»

Оралхан алғашқы туындыларын «бүркеншік» атпен жазған, қандай бүркеншік есімдерін білесіңдер?

ЖАУАП

Орал-Ахметхан, О.Исақанов, О.Абдул-Хамитов, О.Садақбай, О.Алтай.
Қай әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылған?

ЖАУАП

«Кер бұғы» әңгімесі (1986, балетмейстер Б.Аюханов)
Ең алғашқы шыққан кітабының аты, жарық көрген уақыты

ЖАУАП

«Қамшыгер», 1970 жылы

Өскемендегі Жамбыл театрында жазушының ең алғаш қай пьесасы қойылды, режиссері кім?

ЖАУАП

«Бес тиын», режиссері Р. Есдәулет

Алматыға, «Лениншіл жас» газетіне кімнің шақыруымен келген?

ЖАУАП

1967 жылы қазан айында жазушы Ш.Мұртазаның шақыруымен
Хайуанаттар жайлы жазған әңгімелері?

ЖАУАП

«Қайдасың, қасқа құлыным», «Бура», «Кербұғы»