ОРАЛХАН АУДАРМАШЫ
О. Бөкейдің қаламынан кестелі сөз төгілген классик жазушы екендігін күллі қазақ білеміз.
Ал керемет аудармашы екендігін білесіз бе?
Әрине, көбіміз білмейміз.
Ендеше, көркем аудармаларын біз таптық, сіз оқыңыз!
Оралхан арманына жетті ме?
Арманы асқар тауларымен астасқан Оралхан Бөкейдің Алтай тауының бөктерінде дүниеге келуі тегін емес. Бауырында қара сөздің қамшыгері Оралханның туғанына Алтай да мейілінше риза, бақытты.
Жазушы Асқар Алтай «Оралхан Алтайда тірі адам» деген еді. Расында Оралхан шығармалары, ойлары, кейіпкерлері Алтай тауында әлі жасап жатыр.
Жуықта Оралхан Бөкей атындағы Республикалық «Ауыл хикаялары» әдеби байқауының жеңімпаздарымен бірге жазушының бала күннен тай-құлындай тебісіп, бірге өскен жан досы Аманжан Нұқсараұлымен әңгімелесіп қайттық.
Аманжан ақсақал уақыт тілін бір сәтке шегеріп, әңгімесін бастап кетті...
Жазушы, журналист, ақын, баспагер, Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Қайырды Назырбаев Оралхан Бөкей туралы естеліктерімен бөлісті.
Оралханның әкесі Бөкей Исақановтың Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Еңбек Армиясы қатарында болғанын білесіз бе?
Оралхан «Менің әкем дүниедегі ең мықты, әрі ақылды әке. Әкелер жолы – ардақты да, ең асыл ... – деп әкені қадірлеп, құрмет тұтуға тәрбиелейтін ұлағатты ойларын қалдырды.
Иә, Шыңғыстайлық Исақанов Бөкей Оралдағы ірі өнеркәсіп орталығы Свердловск (қазіргі Екатеринбург) құрылысындағы Белка руднигінде Еңбек Армиясының қара жұмысын атқарды. Жұмысты он-он екі сағаттық кезеңмен істеді. Қазатындары «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ, экскаватор қазған тоң топырақты қолмен тиеу және ну орман ағаштарын кесу . «Кеппеген жас ағаштан жасалған шпал мен иығыңды езіп жіберер темір жолды көтеріп, үңірейген карьерге қарай мықшыңдайсың. Сенің артыңнан тырмыса вагон итеріп басқалар ереді... Арпалысқан адамдар, жанталасқан қимыл, жан тапсыра қимылдаған жұмысшылар. Таусылып бітпес қозғалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар орман арасында құмырсқаша құжынайды. Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!
Иә, жазушы әкесі мен шешесінің басынан өткен өмір жолдарын ақ қағаз бетіне түсіріп 1982 жылы «Бәрі де майдан» повесін жазды. Қайсар рухты халықтың өткеніне деген құрмет ретінде жазылған тарихи шығарма мемлекет тарапынан бағаланып Оралхан Бөкей «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» атанды. «Мен бұл шығарманы жазу үстінде зәредей де өтірік қоспауға тырыстым.- дейді Оралхан Бөкей.
Адал еңбек пен асқақ рухты адал азаматтарға арналған мәңгілік ескерткіш деген осы болар. – дейді естелік әңгімесінде жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы.