Бүгін кітапханамызда жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш қонақта болды. Мақсатым - Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай жазушының рухани шаңырағын көріп, Оралхан рухына құрмет білдіру - дейді жазушы жерлесіміз.
Нұрдәулет Ақыш кездесу барысында Оралхан Бөкеймен алғаш рет танысып, жүздескен сәттерін еске алып, Оралхан шығармашылығы туралы ойларымен бөлісті.
Қатысушылардың Оралхан шығармашылығының ерекшелігі, зерттелу деңгейі, жалпы балалар әдебиетінің қазіргі жай-күйі, балалар оқулықтарының сапасы туралы сұрақтарына жауап беріп, ой толғады.
Соңында кітапханаға «Махаббатпен арашалау» атты жаңа кітабын сыйлап, қатысушыларға арнайы әзірленген открыткаларға жазып қолтаңба берді.
Жазушымен кездесудің толық бейнежазбасын кітапхананың Youtube – арнасынан көруді ұсынамыз!
Хабарласыңыздар: 8(7232) 25-17-70, 87052534591,87472138331 - Қызмет көрсету бөлімі
Жазушы Оралхан Бөкейдің Музей-үйімен педагог-психолог маман Сарсембаева Альмира Нургумбетовна таныстырып, әңгімелейді.
Кезінде Оралханның әкесі Бөкей қызыл қарағайдан қиып салған қара шаңырақ қазір жазушының Музей-Үйі. Бұл үйде Оралханның балалық, жастық шағы өткен. Әңгімесін Оралханның достары мен туған-туыстары сыйға берген бұйымдар тұрған бөлмеден бастап, ас ішетін бөлмеде қолданған ыдыстары, анасы Күлияның көзі тірісінде қолданған заттары, апамның астауы шығармасындағы астау, анасының кестелі орамалы тәрізді ерекше бұйымдармен таныстырады.
Оралхан ата-анасын ерекше жақсы көріп құрметтеген. - дейді Альмира әңгімесін өрбітіп. Оралханның ата-анасының жатын бөлмесінде ата-анасының портреттері ілінген екен. Ал,жұмыс бөлмесінде кітаптары жиналған шкаф, отбасылық көне альбом, достары сыйлаған бұйымдары, кий таяғы қойылған. Сонымен бірге, апайлары Шолпан мен Клараның сыйлықтары, Оралханның өзі жанынан тастамайтын фотоаппараты, қолсағаты, жақын достары сыйлаған қанжар мен домбырасы – мұның бәрі де мұражайда сақтаулы тұрған құнды жәдігерлер.
Музей-Үйдің алдында жайқалып тұрған мойылдар мен қайыңдар, жазушы ойланып отырып шығармаларын жазған қара тас та Оралхан шығармашылығының куәсіндей. Оралхан Бөкей есімі елінің мәңгі жүрегінде қалады – деп аяқтайды танымдық әңгімесін Альмира Нургумбетовна.
Шырайлы Шығыс өңірінің арқалы ақыны Серік Қуанған жерлестерін тағы да қуантты!
Жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай Алматыда өткен аламан Айтыста Серік ақын жүлделі ІІІ - орынды иеленді.
Айтыс ақтаңгерлерімен жыр тартысына түсіп, сөз маржанын төгілткен Серік ақынға жерлестерінің сенімін ақтағаны үшін ризашылық білдіреміз! Қара сөздің қамшыгері Оралхан рухы әрдайым қолдап тұрсын деп тілейміз!!!
AI-ART иллюстрациялар
Сонау киелі Түркістан жерінен Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай келген қонақтарымыз жазушының туған жеріне ат басын бұрды.
"Фараб" облыстық кітапханасының бас маманы Нәлтаева Пернегүл Сейітбекқызы өзінің толғанысымен бөлісіп, былай дейді: қара сөздің қас шебері атанған Оралханның туып-өскен киелі мекені Шыңғыстай жеріне тағзым етіп, келіп тұрмыз.. Оралхан ескерткіші, өзі отырып керемет шығармаларын жазған қара тас, Оралхан мен Айманның махаббатына куә болған қос қайың .... Оралхан туы-өскен қара шаңырақ, мұражай-үйі - осының бәрінен алған әсерлеріміз ерекше!
Оралханды көзі көріп, бірге өскен замандас дос-құрбылары Аманжан мен Бахтинаның естелік-әңгімелері де өте ұнады, оларға ризашылығымыз шексіз.
«Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық» дейді ғой. Қасиетті Түркістан елінен жазушының туған жеріне келген іс-сапарымыз сәтімен болып жатыр. Бәрін өз көзімізбен көргеніміз үшін өте ризамыз!
Бүгін ШҚО білім басқармасының «Өркен» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы жазушы, драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай «Алтайдың асыл жыршысы» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.
ZOOM конференция барысында Шығыс Қазақстан облысының әдебиетшілері, мұғалімдер мен тәриешілер «Оралхантану», «Бөкейтану» курсының тиімділігі, жазушы шығармаларының тәрбиелік құндылықтары жайында әңгімеледі.
Конференцияда сөз алған Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова әдебиетшілерге «BOKEY.KZ» электронды кітапханасын таныстырып, Оралханның электронды кітапханасының жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіндегі маңыздылын әңгімеледі.
Бүгін біз Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасының бас мамандары НӘЛТАЕВА ПЕРНЕКҮЛ СЕЙІТБЕКҚЫЗЫ мен ЖАНАР ҚОНАЙҚЫЗЫН зор қуанышпен қарсы алдық.
Түркістандық әріптестеріміз бұл іссапарларын Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына арнаған екен. Меймандар жазушының өмірбаяны және шығармашылығы бойынша сапарларын кітапханамен танысудан бастады. Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин меймандардың өңіріне «Оралхан Бөкей – 80 жыл» мерекелік төсбелгісін тағып, құрмет көрсетті.
Ал, «Фараб» кітапханасынан келген қонақтарымыз өз кітап-тартуларын қорымызға табыс етті. Әріптестеріміздің алдағы саяхат барысы туралы ақпаратымызды оқырмандарымызға сәтімен жеткізіп отыратын боламыз.
Келесі кезекте "Жасыл Үй" эко-орталығының жаңашылдығы, Орталық балалар кітапханасындағы планетарий, "Шығыс" ауылындағы 12-ші кітапхана бөлімшесіндегі робототехника тәрізді заманауи жұмыстармен танысты.
Енді "Фараб" облыстық кітапханасының бас маманы Нәлтаева Пернегүл Сейтбекқызы мен Жанар Қонайқызының Өскеменнен кейінгі саяхаты жазушының туған жері Шыңғыстайға сапармен жалғасын табады.
Бүгін жазушы Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай мектеп кітапханашыларына «Көрнекілік (визуалды) мәдени құралдар арқылы оқушыларды кітап оқуға тарту. Мұғалімдер мен оқушыларға көмекші интерактивті жұмыс түрлерін пайдалану тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтуде. Мақсаты - заманауи технологияны пайдаланудың көмегімен жас ұрпақты кітап оқуға тарту бойынша облыс мектептерінің кітапханашыларына іс-тәжірибелік бағыт беру.
Семинар барысында мектеп кітапханашылары геймефикация, киносабақ, анимация және бейнежоба жасау, папер-крафт, гугл-картамен жұмыс істеу, VR-көзілдірік, жасанды интеллект, 3D- басып шығару, QR-код, виртуалды анықтамалар, ҚазҰЭК қоры, электрондық кітаптармен танысты. Анимация, мультстудия құралдарымен түсіру көріністерін жасау (сурет салу, жабыстыру, құрастыру); бейне-ролик құру - сюжет, түсіру, монтаж жасау тәсілдерімен танысты.
Қадірлі ағайын! Сіздерге осындай семинар-практикумнан өту немесе жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына байланысты іс-шаралар қажет болса BOKEY.KZ – электронды кітапханасының негізгі бетіндегі ПІКІРЛЕР ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР – бөліміне жазып, хабарласа аласыздар!
Толығырақ