Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.

Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында  (1926) білім алған.

1941-1956 жылдар аралығында  Қазақстанда  шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче  еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге,  «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары,  М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің  рухани  байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.

Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.

«Жасын» әңгіме

 Бетін әлдене жыбырлатқандай болды, көзін ашып еді, көкпеңбек аспанды, көгілдір көйлекті қызды көрді. Көгілдір көйлекті қыз мұның бетіндегі жабысқан топырақты жұп-жұмсақ саусақтарымен тазалап, күлімсірей қарап отыр.

- Сен кімсің, қалқам?

 - Гүлгүлмін.

- Қайдан келдің?

- Мен осы ауылдың қызымын. Қалада оқимын. Жазғы демалысқа келгеніме он шақты күн болды. Сіздің жер қазып жүргеніңізді  ылғи көріп жүрдім. Барайын десем, «ол құтырық кісі» деп мамамда жібермейді. Бүгін олар ұйықтап жатқанда ерте тұрдым да, сізге келдім. Сіз сондай бір тәтті ұйқының құшағында екенсіз. «О, Тәңірім, есімді ал!» - деп ұйқысырай сөйледіңіз... Аға десе, жүр, бұлаққа барып бетімізді жуайық. Әне, әне күн шығып келеді! Біз бұлаққа сол күннің сәулесінен бұрын жетелік! – деді де, аң-таң Қиялханның қолынан жетелей жөнелді. 

Найзағай ізі / След молнии

Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР

Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).

В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».

Рассказ «След молнии»

«Он проснулся, увидел высоко над собою синее-синее, прекрасное небо, а рядом девушку в в голубом платье.

- Кто ты такая, чудо-девушка? – улыбнувшись, с шутливой торжественностью спросил Киялхан.

- Я Гульгуль, - просто ответила девушка.

- Откуда ты явилась в этот скучный и грустный мир?

- Я здешняя. Из аула. Учусь в городе. На каникулы приехала. … Я узнала, что вы копаете землю ради того, чтобы достать след молнии… Правда это?

- Ну, что с того?

- А можно я помогу Вам, ага?

- Да ты что, тоже в чудеса веришь?

- Так же, как и Вы …».