Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.

Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында  (1926) білім алған.

1941-1956 жылдар аралығында  Қазақстанда  шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче  еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге,  «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары,  М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің  рухани  байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.

Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.

«Қамшыгер» әңгіме

 Қарсы далбақтаған топты жалт бұрылып ағындарымен өткізіп жіберді. Өтіп кеткен соң қырғидай шүйлікті қыр желкелерінен. Ор қояндай ойнап, сақ-сақ күліп, ғайып ерен қырық шілтеннің пірін шақыра, езуі көпіршіп, топтың топанына бір араласып шыққанда – алтауының бірдей қамшысын сарт-сұрт жұлып, тақымына қыса кетті. Атын жайтаңдата жорғалатып дөй далаға жырақтанды да, бұлаңдаған алты қамшыны бірдей қанжығасына байлап үлгерді. Марқаға қиястай тартқан серіктеріне көз тастап еді. Алдарында қыл-құйрық қалмаған алты азамат астыртта болып жатқан майданды қызықтағандай ошарылып тұрғанын болжады.

Қамшыгер / Камчигер

Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР

Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).

В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».

Рассказ «Камчигер»

«Камчигер резко бросил коня в сторону, и лавина преследователей промчалась мимо. … Он вырывал плетки из рук и прижимал их ногой к седлу, как козла на кокпаре. Делая круг, успев привязать добычу к седлу, он бросил невольный взгляд на своих жигитов, и губы его искривила злая улыбка».