Өмірбаяны

  

Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі кентінде дүниеге келген.

Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1918-1985), анасы - Байділдақызы Рабиға (1925 ж.т.), зейнеткер, Батыр Ана, күріш өсіруші.

1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі

Кітап авторы: «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақ қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006), «Мың құмырсқа және Біз».

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

  • Еңбек қызметінің бірінші сатысын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті агроөнеркәсіп бөлімінің журналисі болып бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 1990-1996 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі, Бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
  • 1996-2002 жылдары – «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Астана Хабары» газеттерінің бас редакторы.
  • 2008-2019 жылдары – «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.
  • 2019 жылғы 12 тамыздағы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
  • "AMANAT" партиясының мүшесі.
  • 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.

МАРАПАТТАРЫ МЕН АТАҚТАРЫ

  • Мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иесі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес);
  • Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі;
  • Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі;
  • Қазақстанның құрметті журналисті;
  • Қазақстан Журналистер Одағы Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты;
  • Қазақстан Журналистер Одағы С. Сәдуақасов атындағы сыйлықтың лауреаты;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттік сыйлықтың лауреаты;
  • «Алтын Адам» - ұлттық сыйлығының лауреаты — Жыл адамы;
  • Қазақстан Журналистер Одағы «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты (2000);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001);
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005);
  • Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін "Құрмет" ордені (2009);
  • «Тіл жанашыры» медалі (2014);
  • Шиелі ауданының және Қызылорда облысының Құрметті азаматы (2018);
  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке алғыс хаты (2019 жылғы 26 маусым);
  • Парасат Ордені (2021 жыл, желтоқсан).

Печать   E-mail