Бақы Ыдырысұлы Урманче (1897-1990) – суретші, кескіндемеші, мүсінші, график, фотограф. Қазақ КСР еңбек сіңірген суретші, РКФСР халық суретшісі, ТАКСР халық суретшісі.

Татар елінің кәсіби жоғары білім алған тұңғыш суретшісі. Қазан көркем көркем шеберханасында (1919 жыл) және Мәскеу қаласындағы Жоғары көркем-техникалық шеберханасында  (1926) білім алған.

1941-1956 жылдар аралығында  Қазақстанда  шығармашылығын жалғастырған Бақы Урманче  еліміздің мәдениет қайраткерлері Дина Нұрпейісова, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов (1941) және Шара Жиенқұлованың бейнесін салды. Сонымен бірге,  «Амангелдінің штабы» (1944), «Абай жұмыс үстінде» (1945), «Жангелдиннің ұлы жорығы» (1948) атты туындылары,  М.Әуезовтың «Абай» роман эпопеясы бойынша суреттер топтамасы (1946), қазақ ертегілері бойынша көркем сурет шығармалары (1950) еліміздің  рухани  байлығын арттыруға қосқан ерен үлесі деуге болады.

Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Мұзтау», «Сайтан көпір», «Қар қызы», «Жасын», «Жетім бота», «Қамшыгер», «Айпара ана туралы аңыз», «Мынау аппақ дүние» шығармалары бойынша салған суреттері де қазақ сурет өнеріндегі баға жетпес байлық болып бүгінгі ұрпаққа жетті.

«Мынау аппақ дүние» хикаяты

Бүгін ерте жатып қалды, көпке дейін ұйықтай алмады. Бытықы-шытықы ойлар қаумалап, ары аунап, бері аунап берекесі қашты. Бір уақ тұрып кетпекке оқталды да, түбінде отырып сырласар бәйтеректен айырылған, мәңгіге қоштасқан жалғыздығы есіне түсті. Бағана балалар киноға шақырғанда  бармағанына өкінді. Шаршап барып, көзі ілініп еді, түс көрді: «Дүние аппақ, нұрға шомылған... аппақ дүние, сол аппақ дүниеде Луиза екеуі астарында ақбоз ат бар, қатарласа шауып жарысады. Күміс жалды ат не шаппай, не ұшпай, беймәлім сапар, мақсатсыз бағытқа баяу бағыттап барады - ай.

...Ол енді Луизаның ат құлағында ойнайтын ғажап өнеріне  таң қалды. Өтірік екен ғой, атқа міне алмаймын деуі бекершілік екен ғой...

Мынау аппақ дүние / Отголосок юных дней

Баки Идрисович Урманче (1897-1990) - советский татарский живописец, скульптор, график, фотограф. Народный художник РСФСР, народный художник ТАССР, заслуженный художник Казахской ССР

Первый татарским художник, получивший высшее профессиональное образование. Окончил казанские художественные мастерские (1919 год), а затем ВХУТЕМАС (1926). В 1941-1956 годах Баки Урманче работал в Казахстане, где им были созданы: портреты деятелей истории и культуры республики (Дины Нурпеисовой, М. Ауэзова (1941); С.Муканова, Ш.Жиенкуловой); исторические полотна «Штаб Амангельды» (1944), «Абай за работой» (1945), «Великий переход Джангильдина» (1948); иллюстрации к роману М. Ауэзова «Абай» (1946), к казахским сказкам (1950).

В композиции представлены графические рисунки к произведениям выдающегося казахского прозаика О.Бокея: «Человек-Олень», Крик», «Снежная девушка», «След молнии», «Осиротевший верблюжонок», «Камчигер», «Сказание о матери Айпаре», «Отголосок юных дней».

Повесть «Отголосок юных дней…»

Измученный вконец, Нурлан заснул и увидел сон. Будто все кругом белым-бело, пронизано ярким солнцем. И в этом белом, прекрасном мире они скачут с Луизой на белоснежных конях. Серебристогривые лошади будто летят по воздуху плавно и бесшумно, как птицы. Нурлан видит краем глаза, как белая грива лошади слилась с золотыми волосами Луизы.

Он удивляется и мастерству наездницы. Она прекрасно сидит на лошади, а ведь говорила, что совсем не умеет ездить».